jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үш бөлмелі пәтер, арнайы көмекші: Жетісу облысында дүниеге келген төртемнің отбасына қандай сый жасалды (видео)

Төртемнің отбасына пәтер кілті табысталды
Төртемнің отбасына пәтер кілті табысталды. Фото: ЫМВпфвмп

Жетісу облысында төртем дүниеге келген отбасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды Кербұлақ ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, перзентханадан шығып, үйіне оралған ананы жерлестері салтанатпен қарсы алып, жаңа пәтер кілтін табыстаған.

Өңір басшысының атынан ата-анасы мен сәбилерді облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтаған.

"Сарыөзек ауылында отбасына жаңа көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан үш бөлмелі пәтер беріп отырмыз. Пәтерде жайлы тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Альмира Алматы қаласында болған кезде облыс әкімі күн сайын балалардың жағдайын сұрап-біліп отырды.

Біз Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандарымен тұрақты байланыста болып, ана мен балалардың жағдайын бірге бақыладық. Төрт сәбиді бірдей күтіп-бағу оңай емес. Сондықтан Альмираға балалардың күтіміне көмектесетін арнайы көмекші беріледі.

Жалпы, бүлдіршіндердің дені сау болып өсіп, аман-есен жетілуі үшін өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетеміз", - деді Марлен Көлбаев отбасына жаңа пәтер кілтін табыстау кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында төртем дүниеге келгенін хабарлаған едік. Кербұлақ ауданының Талдыбұлақ ауылында тұратын ерлі-зайыптының төртемнен бөлек үш баласы бар. Осылайша, олар жеті баланың ата-анасы атанып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram