Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ұялы телефон мен смартфондар координатын бақылайтын жүйе іске қосылды

Опубликовано:

Астана қаласындағы белгілі көлік компаниясы "Таңдау СТ" ЖШС Қазақстанда "Kaz-GPS" жобасын – ұялы телефон мен смартфондарды мониторингілеу жүйесін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасай отырып.

Кез келген адам ұялы телефонына "Kaz-Gps" қосымшасын орнатып оны бақылай алады. Жүйенің артықшылығы GPS-спутникпен өзінің тұрған жерін анықтайды. Тіпті қалада Wi-Fi нүктелері арқылы арнайы алгоритмді пайдалана отырып тұрған жерін анықтайды, сондықтан ол батареяның қуатын аз пайдаланады.

Тағы бір ескере кететін жайт – қосымшада Android ОЖ-ны арналған "Антиұры" функциясы бар, ол теңгерім оң болған сәтте іске қосылады. Бұл функция алдын ала белгіленген номерге телефонның координаттарын жібере алады, егер телефонда немесе смартфонда SIM-карта орнатылса да оны тек телефон иесі ғана өшіре алады.

Телефон қолды болса оны тез тауып алуға болады. Зауыттағы баптаулардан айырмасы – ұрланған кезде координатты барынша дәлдікпен көрсетеді. Телефон спутник координатын, ұялы телефон операторларының A-GPS желісін, Wi-Fi нүктесін пайдаланатындықтан оны жасырып қалу мүмкін емес. Пайдаланушы өзіне қандай алгоритм қажет екендігін таңдайды. Қосымша жүйе қазақстандық тұтынушыға бейімделіп жасалған.

Ендігі уақытта кез келген адам баласы қай уақытта үйден шықты, қай уақытта мектепке жетті, қаншада жаттығуға аттанды, күні бойы қай жерде болды т.т. анықтай алады. www.kaz-gps.kz сайты телефон баптауларын басқаруға, бақылау аймағын белгілеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы телефон аппаратының орналасқан жерін интерактивті картада көре аласыз.

Оны да нақты анықтайтын қосымшаны тегін жүктеп, телефонға орнатып алуға болады. Телефонды "Антиұры" жүйесіне қосу үшін (қазір тек Android ЖО-да істейтін құрылғыларға ғана қолжетімді) есепшотты бір рет қана 500 теңгеге толтыру жеткілікті. Ал, функцияны толық көлемде пайдаланумен құрылғыны үздіксіз бақылап отыру құны - тәулігіне 50 теңге тұрады. Қосымша тексеруден өтті, оны Play Market алаңынан жүктеп алуға болады (Android ЖО-да Samsung, HTC телефондары), ал Windows Phone 8 (NOKIA) және Apple компаниясының құрылғыларына AppStore-маркеттен көшіріп алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/282099-kazakstanda-yyaly-telefon-men-smartfondar-koordinatyn-bakylajtyn-zhyje-iske-kosyldy/

pixel