Қарағандыда Шоқыну мейрамына орай киіз үйлер тігілді
Жарияланған күні:
“Крещение Господне. Крещение твое и мое!” Кеше қарағандылық тұрғын Орталық саябақта құрылған киіз үйлердің алдында осылай деп ән салды.
Суретте Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов
Фото: ekaraganda.kz
Қарағанды қаласының әкімдігі Шоқыну мейрамына арнап Орталық саябақтағы көлдің үстіне киіз үйлер тікті.
Провославиялық Шоқыну мейрамын атап өту үшін қарағандылық тұрғындар арнайы ойылған мұз ойыққа жиналды. Бұл күні қасиетті суға түсіп, діни рәсімді атқару күнәдан тазартады деп есеgтеледі. Мұздай суға 12 жастағы баладан бастап еңкейген кәріге дейін сүңгіп, шоқыну рәсімін жасап жатты. Қара-құрым адамдардың ішінде қаракөздер де ұшырасты.
Қарағанды қаласының тұрғыны Сайлау суға шомылу үшін діннің бөлектігі кедергі емес дейді. Мұз ойыққа екі рет сүңгіген Сайлаудың пікірін бейнежазбаға жазып алдық. Ал, Сайлаудың алдында суға секірген Елена Шоқыну рәсіміне үлкен мән береді.
“Во имя отца и сына и святого духа” деп үш рет шоқыну керек. Бұл провославиялық сенім жан мен тәнді тазартуға бағытталған. Бүгін бірінші рет қатысып тұрмын. Алған әсерім тамаша. Дірілдеп тоңған жоқпын. Өзімді жақсы сезінемін”, - дейді.
Тұрғындардың қауіпсіздігін құтқарушылар жіті бақылап тұрды. Суға түскендерге қолын созып шығарып алуда. Биыл қауіпсіздік шаралары жақсы ойластырылды. Әйелдер мен еркектер үшін екі бөлек киіз үй орнатылды.
Суда құтқару қызметінің маманы Н.Соболевский: “Биыл қауіпсіздік шаралары жақсы ойластырылды. Әйелдер мен еркектер үшін екі бөлек киіз үй орнатылды. Техникалық қауіпсіздік жоғары деңгейде. Әзірге оқыс оқиға орын алған жоқ. Халық ықыласпен түсіп жатыр”.
Күн жылы болғандықтан Орталық саябақта халық көп жиналды. Қала тұрғыны Бекзат Рысқалиев: “Кигіз үйді жалаңаш әйел-еркектердің “раздевалкасы” етіпті. Басқа амал қарастырса да болатын еді. Шоқыну мейрамына қазақы кигізүй тігу арқылы жастардың бойына осы дәстүрді сіңіріп жатырмыз. Демалыс күні саябаққа балаларын ойнатуға келетіндер көп. Қандай насихат жүргізіп отырмыз,” - деп реніш білдірді.
www.ekaraganda.kz сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек, Шоқыну мейрамын Орталық саябақта ұйымдастыруды Қарағанды қаласының әкімдігі қолға алған.
Саябаққа тігілген кигіз үйдің иесі аты-жөнін айтудан бас тартты. “Орыстардың төл мерекесі ғой. Әкімшілік жекеменшік үйімді жалға алды. Кеше әкеп құрғанбыз,” - деп қысқа қайырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/298813-karagandyda-shokynu-mejramyna-oraj-kiiz-yjler-tigildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.