Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық еркектер әйелдерден жезөкшелікті тартып алды

Опубликовано:

Әйел заты ертеректе ерлерден шалбарды алса, осы күні ерлер әйелдерден жезөкшелікті тартып алды.

Ғаламторда Қазақстанда ерлер арасындағы жезөкшеліктң белең алғандығы туралы кейінде жиі айтыла бастады. Айтылған былай тұрсын, кешегі күні "Vox populi" журналында анадан жаңа туғандай кейіпте қазақтың жігіттері өздерін жарнамалап жатты.

Әйелдер жезөкшелігін "заңдастырамыз ба, жоқ па?" деп бірнеше жыл талқыға салып, әзірге толас тапқан мәлесе енді жаңа "толқынымен" толықты. Лесбиян мен гейлерді айтып, еңірегенде етегіміз жасқа толып жүргенде, қазақ жігіттерінің жезөкшелігі көз жасымызды көлге айналдыруға шақ қалды.

Қазақтың жігіттерін рух тастап, көшіп барады. Намысты қолдан бермейтін халықтың ұлдары неге ұждансыз? Қайдан келе жатқанымыз белгілі. Қайда барамыз? Ол жағы әзірге беймәлім.

Намыссыз мігіттердің осындай ездіктерінен елдің еңсесі түсіп тұр. Бұндай ұлдардың барынан жоғы. Анасы байғұс ұл тудым деп қалжа жегенде, ол ұлы жезөкше болады деп ойламағаны белгілі. Бұл күні бала қасыңызда отырғанда ғаламтор ашудан қорқасыз. Ал балаларымыз күні бойы интернетте екенін ескерсек, немен азықтанып жүргенін түсіну қиын емес.

Біз ғаламтор арқылы балаларды бейәдепке тәрбиелеп келеміз. Бұған қандай да бір тосқауыл болуы тиіс. Гей де, лесбиян да, жезөкше де, маньяк та сонда. Мұны неге айтып отырмыз? Қазақтың арасында еркектер жезөкшелігінің кең таралуына интернеттің әсері зор болып тұр. Оған сонда қаптаған хабарландырулар дәлел.

Ғаламторда "муж по часам", "срочно нужен спонсор для симпатичного парня", "встречусь с женщиной для тайных встреч", "услуги сделаю приятно женщине", тағы сол сияқты жарнамалар толып тұр.

Кейбір басылымдар айтқандай жезөкше жігіттерді табу ғаламторда аса қиын емес. Бұлар, кешірерсіздер, "кітап оқып",бірге отырып, "теледидар қарауды" меңзейтін хабарландырулар емес.

Жас мөлшеріне қарасаңыз, өңшең ай-хой жиырма мен пай-пай жиырма бестің ортасындағылар. Жап-жас өрімдей қазақтың жігіттері. Желіккендік пе, әлде еріккендік пе, не табыс көзі ме?

Жалпы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуді де қайта қарайтын кез жетті. Бір жыл емес, екі жыл болуы тиіс. Екі жылда ештеңеден құр қалмайды жігіттер. Қайта шынығады, еті тіріледі. Әйтпесе, бұл күні жігіттеріміз ешкінің асығындай ғана. Көрер көзге қораш, тіпті. Не қыз деуге, не ұл деуге аузыңыз бармайды. Алпамсалықтан жұғын да қалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/308015-kazakstandyk-erkekter-ejelderden-zhezokshelikti-tartyp-aldy/

pixel