jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

"Мемлекет қажетіне" алынған жер телімдерінің иелері үйсіз қалып жатыр

: UGC

Астана тұрғындары бұрын саяжай болған, қазір әсем ауданға айналған жерлердегі үйлерін қорғау акцияларын өткізіп жүр. Билік ол жерлерді "мемлекетке қажет" десе, тұрғындар жалғыз үйін бұзбауды сұрайды.

Алтын Шеруалиева Астананың оңтүстік-шығысындағы қазір жұрт "Рублевка" немесе "Тенговка" атап кеткен аудандағы үйін сақтап қалу үшін биыл үшінші жыл жүгіріп жүр.Бұл үйді ол бау-бақша серіктестігінің алты сотық жеріне 10 жыл бұрын салған. Жерді ағасы келісім-шарт бойынша сыйлаған. Ол әкімдік ғимаратының алдында акция өткізіп, баспанасын қорғаймын деп ешқашан ойламаған. Алтын Шеруалиева жер иесі құқығын сотқа жүгінсе де қорғай алмаған.Сырт киіміне плакат, киіз үйдің картоннан қиылған макетін түйреп алған әйел сәуірдің 3-і күні Астана әкімдігі ғимаратына келді. Жыртық қолғабы мен сынық көзілдірігі оның біртіндеп үйсіз-күйсіз жанға айнала бастағанын білдіреді. Алтын Шеруалиеваның айтуынша, қарт анасы, өзі және кәмелетке толмаған бес бала – жиендері мен немерелері көп ұзамай үйсіздер қатарына қосылады.Қала әкімдігі жанында айтқан шағын монологында әйел биліктен отбасының жалғыз баспанасын қалдыруды сұрады. Алтын Шеруалиева әкімдік бөлген бес миллион теңге (27 мың долларға жуық) өтемақыға келіспейді. Өйткені бұл ақша Астанадан басқа пәтер немесе үй сатып алуға жетпейді

Қазақстан астанасында сатылатын жылжымайтын мүлік туралы жергілікті сайттарды үстіртін шолып шыққан адам 27 мың долларға қаланың шетінен бір бөлмелі шағын пәтер ғана сатып алуға болатынын байқайды.

Краннан түскен әйелдерді ауруханаға әкеткен кезде үйді бұзып, кәмелетке толмаған балаларды түнде далаға шығарып тастады.

Арада алты айға жуық уақыт өткенімен, Сандуғаштың отбасының бұрынғы шарасыз халі өзгерген жоқ. Қазір сотқа жүгініп, түрлі мекемеге шағымданып жүрген ол әділ төрелік іздейді. Бала-шағасымен көршінің үйін паналаған олар кейіннен тағы бір көршісінің үйіне көшіп барған. Қазір мұнда тұратын адамдар бір-біріне қатты қарайласады. Бірақ қала билігі бұл үйдің де бұзылатынын ескерткен. Ол бұзылса Сандуғаштың отбасы тағы да далада қалмақ. Ол Азаттық тілшісіне:"Қазір біздің ісімізді бас прокуратура қарап жатыр. Бірақ олар "кезінде дұрыс есептелмеген" деген сырғытпа жауаппен құтылғысы келеді, әкімдіктің заңсыз әрекетін жұртқа жария еткілері келмейді. Ал үйлер "мемлекетке қажет" деген желеумен шетінен бұзылып, жұрт далада қаңғырып қалып жатыр. Конституцияда айрықша жағдайға ғана бұзылады деп көрсетілген, ал қазір біздің үйімізді тартып алатындай мұқтаждық жоқ. "Мемлекетке керек" деген желеумен бәрін тартып алсын, күнін әрең көріп отырған халық биліктен осындай жапа шексін деген заң жоқ. Бұлай болмауы тиіс. Біз де Қазақстан Республикасының азаматымыз, біздің де өмір сүруге құқымыз бар", - деді.

Бұлай болмауы тиіс. Біз де Қазақстан Республикасының азаматымыз, біздің де өмір сүруге құқымыз бар

Өзінің айтуынша, жер үшін төленетін өтемақы көлеміне келіспейтіндіктен, ол ақшаны алудан бас тартқан. Оның отбасы бұрынғы баспанасынан кем түспейтін үй алғысы келеді. Сандуғаш Серікбаеваның балалы-шағалы үлкен отбасына жөнді баспана сатып алуға бес миллион теңге жетпейді. Жер телімі мүлде басқа ауданда орналасқан Алтын Шеруалиеваның үйін де қала билігі осындай сомаға бағалаған.Сандуғаш Серікбаева "Егер баспаналы болу құқығымды қорғай алмасам, бала-шағамды алып Қазақстаннан кетем. Жақын елдердің біріне көшем. Балаларымды үйсіз қаңғыртқан мемлекетте енді тұра алмайм" дейді.Астанада жер телімдерін "мемлекет қажетіне" деген уәжбен алып жатқан қала билігінің әрекетіне наразы тұрғындар көп. Олардың ішінде бұрынғы саяжайлар ғана емес, Астана қаласының ортасындағы бұзылуы тиіс ескі барактардың иелері де бар.Билік "мемлекет қажетіне" деген уәжбен бұзылатын үйлерге өтемақы мөлшерін белгілеу кезінде әдетте бағалау комиссиясының шешіміне сүйенеді. Ал комиссия мүшелері "бұрын саяжай болған жерде салынған үйлер қымбатқа бағаланбайды" дейді.Алтын Шеруалиеваның үйі Астананың Есіл өзенінің сол жағалауындағы іскерлік орталығына жақын саяжайда салынған. Үйі әлі бұзылмағанымен, ол "менің үйімнің орнына коттедж салып, кейін қымбатқа сатуы мүмкін" деп болжайды.Оның айтуынша, мұндағы тұрғындардың саяжай телімдері жүздеген мың долларға қайта сатылады, орнына элиталық коттедждер салынады.

"Мемлекет қажетіне" алынған жер телімдерінің иелері үйсіз қалып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.