Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең ішкіш халық туралы дерек депутаттардың күлкісін келтірді

Опубликовано:

Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында депутат Алдан Смайыл кәсiпкерлердi арақ сату арқылы табыс табуға итермелеу мүлде қажетсіз деп есептейтiнiн айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Министр өз сөзiнде Орталық Азияда ең көп ішімдік iшетiн ел Қазақстан екенiн атап өттi. Соған бiз күлдiк. Оған күлмеу керек ағайындар, жылау керек. Бiзде арақтың пайдасы, одан түсетiн салық туралы сөз көп, ал сол арақтың кесiрiнен қаншама шаңырақ шайқалды, қаншалықты бала ауру, қаншалықты бала қатыгез, қанша ұрпағымыз қабiлетсiз болып туып жатқаны туралы бiрде-бiр зерттеу жоқ. Мұны зерттейтiн түрiмiз де жоқ. Егер араққа тосқауыл қою туралы айтатын болсақ, баяғы Горбачевтың тұсын еске аламыз, сылтауды көбейтемiз. Мен түсiнбеймiн, сонда сол 100 метрдi алыстататын болсақ, қанша кәсiпкер зиян шегедi? Кәсiпкерлердi бiз арақ сату арқылы табыс табуға итермелемей-ақ қояйық", - дедi А.Смайыл.Депутат кәсiпкерлер халыққа, экономикаға пайдалы кәсiпорындар ашып, оларды iште де сыртқа да өтiмдi тауарлар шығаруға итермелеу керек деп есептейдi."Егер солай жасайтын болсақ, тiптi салықтан босатайық. Бiрақ, кәсiпкерлер үшiн арақты дәл солай қастерлеудiң қажетi қанша? Ұрпағын ойлаған елдерде заң басқа. Бiз Норвегияда болдық. Ол жақта да арақты бiр кездерi iшкен болуы керек, соны тоқтату үшiн демалыс күндерi, мейрам күндерi мейрамхананың ешқайсысында арақ сатпайды. Егер сататын болса, лицензиясынан бiржола айрылады. Олар сонда түсетiн пайданы ойламады дейсiздер ме? Ойлаған, бiрақ ұрпақ үшiн сондай әрекетке барды. Қазiр арақтың зардабынан тартқан елдер – Ресейдегi Тула, Якут сияқты елдерде "Арақсыз ауыл", "Арақсыз аудан", "Арақсыз қала" деген қозалыс басталған. Қазiр ол елдердегi елдi мекендерде арақ бiржолата сатылмайды. Соны Қазақстан неге жасай алмайды? Соған неге ұмтылмаймыз?", - деп атап өттi ол."Арақ өтпесе, заңсыз зауыттар жұмысын тоқтатар едi. Оның тоқтамайтын себебiн iштерiңiз сезіп отыр, оны ұзын-сонар әңгiмеге айналдырмай-ақ қояйық. Бiз талай ұсыныс бердiк. Мен осы Норвегия тәжiрибесiн айттым. Заң жобасы бұрын да талқыланған. Мен өткен шақырылымда да айттым. Ешкiм құлақ түрген емес", - деп толықтырды өз ойын ол.

Қазақ тіліндегі басқа да ел және әлем жаңалықтарын оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/311099-en-ishkish-halyk-turaly-derek-deputattardyn-kylkisin-keltirdi/

pixel