Шымкентте көп балалы ана шошқа қораның орнында тұрып жатыр
Жарияланған күні:
Шымкентте 2-ші топтағы мүгедек, әрі алтын құрсақты ана шошқа қорасында өмір сүріп жатыр. Алты бірдей баласын ол мешіттің маңында жинаған қайыр садақамен өсіріп отырған көрінеді деп хабарлайды Жетінші арна. Ал жергілікті билік болса, олардың жағдайы жаман емес дейді.
Ал жергілікті билік болса, олардың жағдайы жаман емес дейді.
Су сорғалаған шатыр 2 топтағы мүгедек Айгүл Құралбаеваның басына төнген қайғының бір парасы ғана. Бұл үй бұрын шошқаның қорасы болған екен. 6 баласына жағдай жасаймын деп қанша тырысқанымен, жалғызбасты ананың қолынан келгені осы болыпты.
"Қыста сыз, жазда ыстық. Бала-шағам ауру болды. Өзім де черепной давление болып, күнде жедел жәрдем шақырам. Жұмысқа кірдім, бірақ бара алмай отырмын, басым ауырады. Қан қысымы жоғары", - дейді II топтағы мүгедек Айгүл Құралбаева.
Мүгедек ана балаларын мешіт жағалап жүріп жинаған ақшасымен асырайды екен. Қолдан келгенше көршілерім көмектесіп тұрады дейді.
"Жағдайлары мүлде жоқ. Қораны жөндеп, барынша жағдай жасады. Күйеуі де жоқ. Балалары көп", - дейді көршісі Нина Татарченко.
Ал әлеуметтік қорғау мекемелері болса, мүлде басқаша сөйлеп отыр. Айтуларынша, Айгүл Құралбаева, тиісті жәрдемақы мен жеңілдіктердің бәрін алады, тіпті тұрақты жұмысы да бар.
"Жұмыспен қамту бөліміне квота негізінде жұмысқа алынған. Қазір ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жүргізу секторында қызмет атқарады. Оған жұмысқа орналастырудан басқа санаторийға демалыс берді. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес гигиеналық құралдар беріліп келеді", - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков.
"Қазіргі таңда беріліп жатқан коммуналды үйлердің бәрі ең бірінші ҰОС ардагерлері мен жетімдерге кезектен тыс беріледі, қалған азаматтар кезекпен алады. Биылғы үйлерге үлгермесе, келесі жылы ол баспанамен қамтылып қалады деп жоспарлап отырмыз",-дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлнәр Әшірбаева.
Алайда күміс алқа иегері мардымсыз жалақы мен түкке жетпейтін жәрдемақыға өмір сүруден, тарлық көруден жалықтым дейді. Сондықтан қолы ашық жандардан көмек сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/323439-shymkentte-kop-balaly-ana-shoshka-koranyn-ornynda-tyryp-zhatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.