Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғыз балалы батыр ана 37 жасында әже атанды (видео)

Опубликовано:

Астанада ең жас алтын алқалы ана анықталды. Отыз жетіге енді толған келіншек 9 бала тәрибелеп, тіпті жиен немере сүйіп отыр деп хабарлайды 31 арна.

Он жеті жасында тұрмыс құрып, бесігі мен берекесін бірге тербетіп келе жатқан Ұлданайдың,  қазір екі баладан артық құрсақ көтергісі келмейтіндерге айтар кеңесі де бар.

Астананың ең жас батыр анасы Ұлданай мен жұбайы Әбдікәрім екеуі қазір төрт ұл мен бес қыз тәрибелеп отыр. Аралары бір, екі жас қана тете бауырлар бір-бірін жетелеп, үлкені кішісін бағып, өсіп жатыр. Үлкен қызы Жұлдыз тұрмысқа шығып, сәби сүйіп, отыздан асқан анасына жиен немере сыйлап отыр.

Ең қызығы қазір жас әженің де, қызының да аяғы ауыр. Оныншы рет құрсақ көтерген Ұлданай жиен немересімен қатар дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелем деп қуанышты.

"Қорқудың қажеті жоқ. Әр баланы несібесімен береді Алла тағала. Бала деген таптырмайтын Алланың берген байлығы, білген адамға", - дейді батыр ана Ұлданай Әлімбаева.

Етегіне екеуі жармасса, жетегінде жеті баласы жүрген Ұлданай үй шаруасын да, Астанадағы өз кәсібін де дөңгелетіп отыр. Үйдегі үстел жапқыштан бастап, терезенің пердесіне дейін өзі тігетін келіншек ағайынға да сыйлы келін.

Ал екі баладан артық тусам "мүсінім бұзылады" дейтін келіншектерге, босанған сайын әйелдің қан айналымы жақсарып, ажарлана түседі деген кеңесін айтады. Екі-үш сәбиден гөрі, көп баланы өсірген әлдеқайда жеңілірек. Тете өскеннің тентектігі де білінбейді дейді батыр ана.

"Кіргізген кезде санап кіргіземіз, санап шығарамыз. Біреу, екеу, үшеу, төртеу деп. Адасып та қаламыз, іздеп те жүрген күндеріміз болады. Кешке қарай түгендейміз анау қайда мынау қайда деп?", - дейді Ұлданай Әлімбаева.

Кіргізген кезде санап кіргіземіз, санап шығарамыз. Біреу, екеу, үшеу, төртеу деп. Адасып та қаламыз, іздеп те жүрген күндеріміз болады. Кешке қарай түгендейміз анау қайда мынау қайда деп.

Тоғыз балалы отбасы қазір Астанадан пәтер алу кезегінде тұр. Мемлекетке міндетсінбей-ақ қазақтың санын көбейту аналық парызым дейді Ұлданай. Есесіне шаңырақ иелерін әр баланың қадамы мен қылығы қуантады. Ұл-қыздары зерек, шеттерінен өнерлі. Үлкендері домбыра тартып, ән айтады.

Тұрмысқа қарай туу сиреген қоғамда, бала санын онға жеткізген отбасылар ілуде бір кездеседі. Сондықтан болар, Ұлданай жас та болсам талай баланың кіндігін кесуге шақырды, жас келіндердің басына орамал салдым дейді. Ал, бала көтере алмай жүрген келіншектер, алтын құрсақты анадан ырымдап заттарын көп сұрайды екен.

Тоғыз ұл қыз тәрибелеп отырған ана Ұлданай Алла берсе дүниеге ұрпақ әкелуге әрқашан әзірмін дейді. Ал ана атануды армандап жүрген барлық әйелге жұғысты болсын деп тілейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/328014-togyz-balaly-batyr-ana-37-zhasynda-ezhe-atandy-video/

pixel