jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық өнертапқыш электронды жайнамаз ойлап тапты

: UGC

Қазақстандық Алханбай Сатыбалдыұлы электронды жайнамаз ойлап тапты. Намаз үйренуге өте тиімді заманауи жайнамаздың тағы бір артықшылығы - тұңғыш рет қазақтың ұлттық ою-өрнегімен өрнектелгендігінде.

Бес парыз намаз бен үтір намазының толық нұсқасы жадына жатталған кішкене құрылғы орнатылған жайнамаз - қазақстандық өнім. Бұдан бұрынғы жайнамаздардан басымдығы көп өнімнің авторы да - өзіміздің азамат. Электроника ілімінің кәсіби маманы болмаса да, діни сауаты жоғары жігіт, соңғы кезде дінге бет бұрған жастар үшін, намаз үйретудің заманауи тәсілін ойлап тауыпты.

"Намазды білмейтін адам болса, электронды жайнамаз арқылы наушникті құлаққа салып, немесе сыртқа шығарып, намаз оқи алады", - электронды жайнамаз авторы Алханбай Сатыбалдыұлы.

Әр намаздың тұсында белгісі бар. Құбылаға қарайтын уақыт жақындағанда, уақытына сай тетігін басып, ілесе үйренуге болады, дейді автор. Сондай-ақ электроникасынан өзге отандық өнімнің бұрынғыларына қарағанда, үш артықшылығы бар екен.

"Бұл жайнамазға үш түрлі өзгеріс енгіздім. Біріншісі - электроникамен намаз оқу. Екіншісі - қазақы ою өрнекпен. Бұдан бұрын қазақы ою-өрнекпен жайнамаз болмаған. Үшіншісі- дүние жүзінде жайнамаздың ұзындығы - 1,10 болса, соны 1-40-қа өзгертіп жасап шықтым", - дейді электронды жайнамаз авторы.

Сондай-ақ, отандық тауардың авторы, болашақта, намаз үйретудің видео-құрылғысын да шығармақ ниетте. Және электрондық жайнамаздың жаңа түрін құлаққапсыз қолдануды қарастырып жатырмыз дейді.

Құны небәрі - 4500 теңге тұратын заманауи жайнамазды орталық мешіттің қасындағы дүкеннен табуға болады екен.

Қазақстандық өнертапқыш электронды жайнамаз ойлап тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.