jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте "Абай" деп аталатын 19 көше бары анықталды

: UGC

Шымкент қаласында қайталанатын көше атаулары күрт өскен. Мәселен, бір қаланың өзінде Абай атында 19, Амангелді атында 9, Молдағұлова көшесі 8, Гагарин 7, Мәметова 6, Уәлиханов атында 5 көше бар екен.

Бұл жағдай әсіресе, халыққа қызмет көрсету орталығына мекен-жайға тұруға келетін азаматтар арасында түсініспеушілік тудырып, жедел жәрдем, өрт пен құтқару қызметіне жүгінушілерге де қиындықтар тудырып отырған көрінеді.

Мұнда "Қай жақтағы Амангелді? Ақжар, Жаңаталап? Қайсысы?" деген сұрақтар жиі қойылады.

Биылғы жылы қаланың жер аумағы кеңейіп, көршілес аудандардан жекелеген елдімекендер қосылғаны белгілі. Онсыз да шаһарда көшелер атауы бұрын да кездесетін. Ал, енді 40 елдімекен қосылып, бір-бірін қайталайтын көше атаулары жедел жәрдем қызметіндегілер мен тұрғындарды тіпті шатастырып жатыр.

Мәселен, бір ғана Амангелді есімімен қаланың тоғыз көшесі аталады.

"Сол шеткі елдімекенмен біздің қаланың көшелері сәйкестеніп кетті. Сондықтан бізге қабылдау, сосын табу өте қиынға соғып тұр. Соларды бізге бір жүйеге келтіріп берсе, өте жақсы болар еді", - дейді  жедел жәрдем дәрігері Лаура Жиенәлиева.

Билік өкілдері қала көшелерінің атауларына қатысты мәселе көтеріліп жатқанын, бүгінгі таңда Шымкентте қайталанатын 82 көше анықталғанын, енді қала әкімдігі мәслихат қарауына нақты ұсыныстар келтіретінін жеткізді.

Қалалық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұловтың айтуынша, көше атауларын  өзгертуді қажет ететін көшелер бойынша жалпы саны 95 ұсыныс қаралды. Оның ішінде 82 көше бойынша атауы қайталанады. Бес атау моральдық тұрғыдан ескірген және сегіз атауы жоқ көше бойынша ұсыныстар қаралды.

Атауы моральдық тұрғыдан ескірген Садовая көшесі, Интернациональная, Большевикская көшесі.

Бірде-бір атау бұйырмаған сегіз көшеге де жаңадан есім берілмек.

Олардың қатарында айталық, Арқалық, Ақтансай, Нұрлытаң секілді ұсыныстар бар екен. Ал енді бірі Интернациональная, Садовая көшелері қатарында Жуков көшесін де алмастыруды көтерген.

Оған үлкендер жағы үзілді-кесілді қарсылық танытқандықтан, Отан соғысында Қолбасшы болған батыр есімі өз атауымен орнында қалдырылыпты.

Шымкентте "Абай" деп аталатын 19 көше бары анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.