jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Сарыағаш ауданында ауыз суды арықтан алып ішеді

: UGC

Сарыағаш ауданында он шақты елді мекеннің тұрғындары арық-атыздардың суын ішуге мәжбүр. Бұл өз кезегінде ондағы жұрттың жұқпалы дерт жұқтыруына алып келуі мүмкін дейді мамандар.

Сарыағаш ауданындағы "Достық-2" елді мекеніне ауызсу жүйесін тарту жұмыстары 2 жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған. Қазірде ауыл көшесінде сақалды құрылыстан сәлем айтып, шлангілер шығып жатыр.

Жергілікті халық тіршілік нәрін арықтан тасып, қайнатып ішетін көрінеді. Ал, 5 мыңға жуық тұрғыны бар Ынтымақ ауылына ауызсу жүйесі жақында ғана тартылған. Десе де, құбырдан аққан тіршілік нәрін мөлдір, тұнық дей алмайсыз.

Соған қарамастан елді мекен тұрғындары қуанышын жасыра алар емес. Өйткені, бұл күнді біз көп жылдар күттік дейді.

Ауыл тұрғыны Серік Асановтың айтуынша, бұрын қыстыгүні суға талас болып, үйге әкелгенше 5 сағат уақыт кетеді екен.

Ынтымаққа тіршілік нәрін беретін "Сарыағаш ауызсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны атауын "Сарыағаш тұрмысқа" ауыстырып, салдарынан құзырлы мекемелердің тексеруінен құтылған.

Мұндағы мұнара суының құрамын аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы 3-4 жылдан бері тексере алмай келеді екен. Тек айыппұл салумен шектелетін көрінеді.

"Осыдан 2 жыл бұрын біз тексергенімізде, бұл мұнарадан су шықпай қалған. Біз келсек болды бұлардың моторы күйеді, жарық болмайды. Сондай түрлі сылтауларды айтып бізді шығарып салатын",-дейді Сарыағаш ауданы тұтыну-шылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Гүлбазар Бекманова.

Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті таратқан мәлімет бойынша, Сарыағашта 27 елді мекен тұрғындары ауызсуды арық-атыздан тасып ішеді. Ал, жергілікті эпидемиологтар олардың саны 22 дейді.

Аудан әкімдігіндегілер болса, ондай ауылдардың оннан аспайтынын айтады.

Сарыағаш ауданында ауыз суды арықтан алып ішеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.