jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Зейнеткер отбасының шырқын бұзған дуагерлерді жазалауды сұрайды

: UGC

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын зейнеткер Әуес Тоқтыбаева ұйып отырған ұлының шаңырағын дуагерлер шайқады деген пікірде. Салдарынан, ұлы басқа біреудің күйеуі болып, келіні де басқаның босағасын аттапты.

Ал, төрт немересін өзі әупірімдеп бағып келе жатқан зейнеткер, өзі айтқан қара күштің қожайындары енді немерелеріме көз алартты  деп алаңдаулы.

"Ұйып отырған шаңырақтар шайқалып, ортасына түсіп жатыр. Сүйіп қосылған жастардың аражігі адам қолымен ажырап, балалар тірі жетім күй кешуде", - деп ашынып келген шымкенттік әжей өз отбасының да дуаның құрбанына айналғанын айтып, қамығып отыр.

"Менің балам қырықтан асты. Ол үй болу керек! Бір алаяқ қатынның қойнында жатыр. Төрт рет сотталған тағы бір алаяқтың қолында келінім жатыр. Ал, мына балалардың не жазығы бар. Мына жақта екі балам бар", - дейді зейнеткер Әуес Тоқтыбаева.

Зейнеткер ақыл-есі дұрыс келін-баласының аяқ астынан басқа біреулердің арбауымен бала-шағасын тастай қашып, басқа біреудің босағасын жағалап жүруі қалыпты жағдай емес, дуа жасағанына келтірер айғағым да қолымда, тек сөзіме құлақ салар жан таба алмай жүрмін дейді.

Тоғыз жылдан бері Астана мен Шымкенттің арасында сабылыпты, айтуынша, соңғы рет Бас муфтидің қабылдауында да болған екен. Алайда, ондағылар дуа жасап, сиқырмен айналасатындарға қолданар заң талабы жоқтығын айтып, шығарып салыпты."Құлағым естімей қалды дуадан. Аяғым байланып қалды дуадан. Оны жасап отырған адамды айтам қазір - Шымкенттің атақты дуагерлері. Бүкіл Қазақстанды жайлап алды қазір", - дейді кейуана.

Зейнеткер отбасының шырқын бұзған дуагерлерді жазалауды сұрайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.