jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Ғаламторда "жұмбақ көйлектің" түсіне қатысты дау туындады

: UGC

Әлеуметтік желіде "жұмбақ" түсті көйлектің суреті таралып, оны көрген жұртты біраз әбігерге салды.

Әлеуметтік желіні дүрліктірген дау көйлектің түсіне қатысты туындады. Бірі оны қара жолақтары бар көк көйлек деп көрсе, келесілері сары (алтын) жолақты ақ көйлек деп бой бермеді. Тіпті, қоңыр жолақты жасыл көйлек деп көретіндер де бар, деп хабарлайды Bnews.kz.

Сонымен, бұл жұмбақ құбылыстың сыры неде? Талай жұрттың санасында сан түрлі сауал туындатқан құбылыстың құпиясын анықтау үшін Mashable.com порталы арнайы офтальмолог маманды шақыртқан екен. Оның айтуынша, көйлек түсінің сан құбылуы оны көрген адамның түсті қабылдау ерекшеліктеріне байланысты.

Адам миы ұзындығы әртүрлі жарық толқындарын іштей өңдеп, оны өзінің эмоциялық қасиетіне қарай ажыратады. Яғни, кей адамдардың көлеңкенің өзінде көйлекті ақ-сары көруі, өзгелері тек көк пен қара түсті ажыратуы осыған байланысты. Десе де, көйлектің нақты түсі қандай деген сұрақ көпті мазалап отырғаны шындық.

Оны анықтау үшін BuzzFeed порталы осы суретті таратқан адаммен тікелей хабарласып, адамдарды айтыстырған мәселенің ақ-көгін ажыратып берді. Постты жариялаған келіншек Кейтлин Макнил (Caitlin McNeill) көйлектің шын мәнінде көк екенін растады.

Ол үйлену тойында қалыңдықтың анасына арнайы тігілген, ал Кейтлин ол тойға өзінің фолк-тобымен ән айу үшін барыпты.

"Негізінен, көйлектің түсіне қатысты дау тойға дейін бір апта бұрын басталып, той үстінде нақты көргеннен кейін бірақ басылды", - дейді посттың авторы.

Көйлектің көк-қара екенін білгеннен кейін ақ-алтын түсті деп дауласқан адамдар біраз абдырап қалғаны рас. Бірақ, оларға қатты уайымға салынбаңыздар дейміз. Олардың денсаулығында еш ақау жоқ. Бір көйлекті әртүрлі түспен көру адамның мінез-құлқына байланысты, дейді психолог мамандар.

Ғаламторда "жұмбақ көйлектің" түсіне қатысты дау туындады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.