Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық профессор қысы-жазы жалаңаяқ жүреді (фото)

Жарияланған күні:

ҚазҰУ-дың  профессоры Нұрғали Қойшыбаевты көпшілік қысы-жазы жалаңаяқ  жүретіндіктен сырттай  біледі. Ол мұндай амалға денсаулығын жақсарту үшін барғанын айтады.

Физика факультетінің оқытушысы, профессор кезінде өкпесіне суық тигізіп, дәрігерлер үйіне қайтарып жіберген кезде өзін-өзі уринотерапиямен емдеп аяққа тұрыпты. Содан соң, бұл амалды дертіне шипа іздеген бірнеше науқасқа көрсетіп, өмірін сақтап қалған. Ғалымның ерекше өмір сүру ережесімен NUR.KZ тілшісі танысып қайтқан еді.

«Осылай жалаң аяқ жүргеніме отыз жылға жақындап қалған шығар. Жас кезімізде бірде аш, бірде тоқ жүрдік. Кейде қыстың кезінде жылы киім де болмайтын. Еңбекке жарағаннан бастап қара жұмыста істедік. Жоғарғы оқу орнына алғаш түскен кезімде «Өкпенің қабынуы» деген диагноз қойды. Кейіннен тіпті сол дертіме байланысты «Сенің санаулы күндерің қалды. Оқуды қайтесің?» деп  шығарып тастады. Сонда да жатақханада жаттым. Ақырында жедел-жәрдемнің кереуетімен ауруханаға алып кетті. Онда да дәрігерлер «Дерті асқынған. Емдеу мүмкін емес» деп шығарып салды. Ілініп-салынып жүрсем де, сабақты тастамадым», - дейді профессор.

Нұрғали Қойшыбаев Африкаға іссапармен барғанында, өмір бойы шолақ шалбармен жүретін оқымыстының шәкіртінен өз-өзін емдеуді үйренеді де, сол кезден бастап жалаңаяқ жүре бастайды.

"Бұл жер мен аспан арасындағы байланыс. Біздің табанымыздағы әрбір нүкте денеміздегі барлық органға барады. Табан арқылы қоректенеді. Соны түсіндім. Әрі өзіме пайдаландым", - дейді оқытушы.

Нұрғали Қойшыбаевтың бұл әдетіне қазір студенттері де таң қалмайды. Оларға ұстаздың жалаңаяқ жүруі қалыпты жағдай сияқты.

«Алматыға оралғаннан кейінгі алғашқы қыста екі табаным доптай ісіп, іріңдеп кетті. Дәрігерге барсам оны бірден кесіп тастайтынына көзім жетті. Сөйттім де үйге келіп уринотерапияны пайдаландым. Екі табаныма жағып, орап жатып қалдым. Ертеңгісін сол ісіктің орны ғана қалды. Іріңі тіпті тартылып кеткен. Кейіннен осы уринотерапияның арқасында  өкпемдегі дертіме қарсы пайдаландым. Жарты жылдың ішінде дәрігерлерлің өзі таң қалды. Өкпем тап-таза. Осыдан кейін дәрігерлер «Емі жоқ» деп қайтарған азаматтарды өз тәсіліммен емдей бастадым. Барлығы да сауығып кетті. Қазір жасым 78-де. Өзіме қажеттінің бәрін істеймін. Жұмысыма жаяу, қоғамдық көлікпен қатынаймын. Денсаулығыма шағымым жоқ. Жақында осы жалаңаяқ  баспалдақтан құлап тіземді шығарып алдым. Жеделжәрдем келіп ауруханаға алып кетті. «Гипс салыңдар да, үйіме апарып тастаңдар», - дедім. Сол гипстың өзін қисық салыпты. Ақыры өзім түзетіп алдым», - дейді физик.

Нұрғали Қойшыбаевқа ЖОО басшылығы тарапынан ешқашан тыйымдар болмапты. Ол соған қуанышты. Физиктің сөзіне сенсек, нәжіспен емделудің өзінде арнайы ережелері бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/753618-almatylyq-qariya-qysy-zhazy-zhalanhayaq-zhu/