Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Қытайда өмір бойына сотталған қазақ қызын елге депортациялау мүмкін емес

Опубликовано:

Қытайда есiрткi тасымалы үшiн iстi болып жатқан және өмiр бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкiн Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға депортациялау мүмкiндiгi әзiрге бола қоймайды.

Бұл туралы бүгiн Сыртқы iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.

«Егер Қазақстан азаматы осы мемлекетте бас бостандығынан айырылса, Қазақстан мен Қытай арасында тиесiлi келiсiм бар ма, әлде ол азаматты елге депортациялау мүмкiндiгi жоқ па деген сауалдар келiп түстi. Осы сұраққа жауап ретiнде айтарым: 2011 жылы Қазақстан мен ҚХР арасында сотталған азаматтарды өзара алмасу жөнiнде келiсiмге қол қойылған болатын. Келісiмді 2013 жылы Қазақстан парламентi ратификациялады. Әр келiсiм халықаралық тәжiрибеге сәйкес, дипломатиялық үдерiстерге орай, екi тараптың ратификацияланғанынан кейiн тиесiлi дипломатиялық арналар арқылы ратификациялық ноталармен алмасқаннан кейiн күшiне енедi. Сондықтан қазiргi таңда бұл ратификациялау мәселесiн Қытай тарапы қарастыруда. Бiз Қазақстан тарапынан ешқандай қысым жасай алмаймыз. Бiрақ дипломатиялық арналар арқылы, саяси деңгейде осы келiсiмдi ратификациялау жөнiнде өз өтiнiшiмiздi ғана бiлдiре аламыз. Егер бұл келiсiм күшiне енген күнi сотталған азаматтармен алмасу жөнiндегi тетiктермен одан арғы қадамдар жайлы Бас прокуратура арқылы егжей-тегжейлi ақпарат алуға болады», - дейдi ол.

Айта кетейiк, Қытайда есірткімен ұсталған 20 жасар қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты. Бірінші инстанция оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

«Әрине, бұл сот үкімімен Ақжарқын болсын, оның туған-туыстары, заңгерлерi мен Қазақстан тарапы жалпы келiспейтiндiгiн атап өткiм келедi. Қазақстан азаматының өмiр бойы бас бостандығынан айыру шешiмiне Ақжарқынның өзi де және адвокаттар келiспегендiктен, бұл мәселенi келесi сот деңгейiнде қарастыру көзделiп отыр. Сот шешiмi әлi күшiне енген жоқ. 10 күннiң iшiнде адвокаттар апелляциялық шағым беруге құқығы бар. Сондықтан, күшiне енбеген сот үкімін апелляциялық сатыда қарастыру мүмкiндiгi келесi жарты жылдың iшiнде болады. Өкiнiштісі, осы жарты жыл iшiнде Ақжарқын абақтыда отыруға тиiстi», - деді Әбибуллаев.

Еске сала кетейік, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты. Қорғаушы тарап есірткі заттарын Қытайда Ақжарқынның сөмкесіне біреу салып жіберуі мүмкін екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/788510-sim-qytayda-omir-boyyna-sottalghan-qaz/

pixel