Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

VIP-Қажылық: Қалталы азаматтар қажыға қалай барып қайтады?

Опубликовано:

20 қыркүйекте әлем мұсылмандары үшін қажылық - Мекке мен Мединаға қажыға бару кезеңі басталады. Мекке - мұсылмандар үшін қасиетті орын саналады. Оны құрмет тұтатыны соншалық, өзге дін өкілдеріне Меккеге жолды жауып тастаған.

Исламды ұстанатындар Меккеде жиналып, Аллаға мадақтарын жаудырады. Қажылық - барлығы Алланың алдында тең екенін көрсететін жоралғы.

Алайда мұндай рәсімде де аздаған теңсіздіктер бар болып шықты. Ел арасында «VIP-қажылық» деген ұғым пайда болды. Дінде де жоғары қызметті ақылай алу мүмкіндігі туды.

Қарапайым қажылық пен VIP-қажылықтың айырмашылығы оған жол тарту кезеңінен-ақ басталады. Бірінші жағдайда жол ұзақтығы 20 күн болса, екінші жағдайда 7 күн ғана.

Қазақстандағы турагенттіктердің бірінің өкілі, қарапайым қажылыққа баратындардың дені біраз уақытын рәсімдерге қатысты білім алып, климатына үйрену үшін сол елде өткізетінін айтты.

Ал қымбат қажылықты таңдайтындар қажылыққа талай рет барғандықтан, үйренісуге уақыт жоғалтпай, бірден қажылық жасауға кіріседі.

VIP-қажылықта чартерлік рейспен ұшатын 10 орынды ұшақ жалданады. Әуежайларда клиенттерді арнайы VIP-аймаққа көлікпен жеткізеді.

Арзандау қонақүйлер Әл-Харам мешітінен 3 шақырым жерде орналасса, VIP- қажылар қасиетті орыннан 50 метр қашықтықта ғана орналасқан әлдеқайда қымбат қонақүйлерге жайғастырылады.

Қазақстандықтар терезесі Қағбаға қарайтын ауданы 120 шаршы метрлік президенттік нөмірлерде жатады. Қазақстандық турагенттіктермен бірлесе жұмыс істейтін осындай қонақүйлердің бірі - Raffles Makkah Palace.

Президенттік нөмірде бір түн өткізу 180 мың теңгеге, ал патшалық люкс нөмірлерінде 583 мың теңгеге дейін барады.

Қажылық кезінде өз келбетіңе күтім жасап, қырынып, тырнақ алуға рұқсат етілмесе де, қонақүйлерде спа-салондар, хамамдар мен жаттығу залдары бар.

Жайлы ұшақ пен жақсы қонақүйден бөлек VIP-қажылықта өзге де артықшылықтар жасалған. Мәселен, Меккедегі Мина өңіріне келген VIP-қажыларға арнайы шатырлар тігіледі.

Қарапайым қажылықта адамдарға бұл жағдай қарастырылмаған. Олар далада әжетханаға барып, тамақты өз қалталарынан төлесе, VIP-қажылар шатырдағы жайлы диван, әжетхана мен «швед дастарқанына» лайық үш уақыт тамақтану артықшылықтарына ие болады.

Арафат тауына келуде де айырмашылықтар бар. Оған жеткенше қалталылар арнайы желдеткіш орнатылған тасығыштарда отырады. Тамақтану да қарастырылған. Бұдан өзге көптеген турагенттіктер VIP-қажыларға гидтің қызметін ұсынады.

Бағасына келетін болсақ, қарапайым қажылықтың құны - 4000 АҚШ доллары. Ал VIP-қажылық - 15 000-30 000 доллар.

VIP-қажылыққа қатысты Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасы бөлімінің басшысы Қанат Бекжанов өз пікірін білдірді.

«Әр адам өз шарттарын қояды. Егер біреу қызметтің жақсы деңгейде болғанын қалап, ол үшін төлеуге әзір болса, онда тұрған ештеңе жоқ», - дейді Бекжанов.

Бұдан өзге Бекжанов "бәдел қажылық" туралы айтып берді. Адамдар қаза болғандардың, немесе жағдайы келмейтін жандардың орнына қажылыққа бара алады. Бұл дінге қайшы емес. Ең бастысы өзгенің орнына баратын мұсылман бұған дейін өзі үшін қажылыққа барып келген болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/889977-vip-qazhylyq-qaltaly-azamattar-qazhygha-qa/

pixel