jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Көкшетауда бір отбасы жетімдер үйінен 10 бала асырап алды

: UGC

Көкшетау қаласына жақын жердегі Кеңесары ауылының тұрғындары ерлі-зайыпты Қабылбаевтар жетімдер үйінен бірден 10 баланы асырап алған деп хабарлайды 31 арна.

Мұрат Қабылбаев талай жыл мешітте имам болып қызмет атқарған. Жаратқанға жалбарынып жүріп, 9 жыл дегенде ұлды болады. Одан кейін жұбайы екеуі Ақкөл қаласынан жеті жетімді бауырларына басады. Мұншама көп баланы бірден асырап алуға маңдайында жеті саны бар бұзаудың туылуы себеп болыпты. Ал биыл олар тағы үш баланы шаңырақтарына әкелген. Балаларды тәрбиелеуден өзіне айрықша ләззат ала білген Мұрат Қабылбаев имамдықтан қызметін басқа арнаға ауыстырды.

"Бір күні балалармен өткізген қызықты сәттерімді әлеуметтік парақшама жарияладым. Күн сайын оқырмандар көбейді.  Мұның қоғамға маңызын түсініп, он шақты адамнан құралған кеңес құрдық. Бұл кеңес бала асырап алу жөніндегі кез келген сұраққа жауап бере алады. Бұл тек интернетпен ғана емес, сондай-ақ, іс жүзінде де қолға алынатын  болады. Қазір осымен айналысып жатырмын", - дейді Мұрат Қабылбаев.

11 баланың жетеуі - оқушы. Кілең үздіктер. Әрқайсысының ұлты өзге болғанымен тәлім-тәрбиесі қазақша дейді Балуан Шолақтың немересі, балалардың әжесі Айбат Құдайбергенқызы.

"Бұлардың бәрі өздерін қазақпыз деп сезінеді. Әкелерінің тегін алғысы келеді. Қашан 16-ға толғанын күтіп жүр асығып", - дейді Айбат Шолақова.

Балалардың бірі Төлеген осы үйге келгелі шынайы, нағыз өмірдің не екенін түсіндім дейді. Ал Оксананың айтуынша, әкесі мен анасы өздеріне көп жақсылық жасаған.

Басында тәрбиелеу қиындау болғанымен, қазір біз бір дастархан айналасында тату-тәтті күн кешіп жатқан жанұямыз дейді отағасы. Жетімдер мәселесімен қоса Мұрат Қабылбаев жағдайы жоқ жесір жандарға қамқорлық көрсететін қоғамдық қордың жұмысын жетілдіруге де өз үлесін қосып жүр.

Көкшетауда бір отбасы жетімдер үйінен 10 бала асырап алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.