Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі өзін тыңдамаған балалардың аузын скочтап тастаған (видео)

Опубликовано:

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі өзін тыңдамаған балалардың аузын скочтап тастаған. Жаға ұстатарлық жағдайды ата-анаға балалардың өздері айтып берген. Тәрбиеші шулаған баланың аузына скотч жапсырып, ашуы басылған кезде оны баланың бетінен жұлып алады екен. Оқиғадан ата-аналар шошынып жүр. Ал, тәрбиеші болса, «мен жапсырған жоқпын, тек жапсырамын» деп қорқыттым дейді.

Оқиға Ақтөбе қаласындағы №21 «Кәусар бұлақ» балабақшасында тіркелді. Ата-аналар балалардың үйге айтып келетін қорқынышты әңгімесін алғашында бала қиялы шығар деп мән бермейді. Бірақ күнде скотч жапсырылатын балалардың аты аталатын болғасын ата-аналар күдікпен қарай бастайды. Тәрбиешінің өзінен жөнді жауап ала алмаған ата-аналар бір-бірінен сұрауға көшкен. Барлығының айтқаны бір әңгіме, скотч жапсырылатыны анық болады.

«Біз алғашында сенген жоқпыз. Қызым «тентек болған балалардың аузына скотч жапсырылады, апай ұрысады» деп айтып жүрді. Үйден скотч көрсе шошына қарайды, қорқып кетеді. Сосын бір бірімізден сұрай бастадық. Бәрі айтып жүр. Меңгерушіге барып шағым айттық. Барлық жерге шағым түсіреміз деп едік меңгеруші тәрбиешіні жұмыстан шығаратынын айтып, шу шығармауымызды өтінді», - деді баласы тағы біреудің қысымына түседі ме деп алаңдағаннан атын айтпауды өтінген ата-ана.

Видеода балабақшаға келген ата-аналар балалардан кімнің, қалай скотч жапсыратындығын сұрап жатыр. Балалы үйде ұрлық жатпайтыны анық. Бүлдіршіндер өздеріне скотчтың қалай жапсырылатынын хормен айтып, қолдарымен көрсетіп берді.

Ал, балабақша меңгерушісі бұл жағдайдың бәрін жоққа шығарып отыр.

«Мен тәрбиеші олай жауыздық жасайды деп ойламаймын. Балалар бірінің айтқанын бірі қайталай береді. Олай болуы мүмкін емес. Мен тәрбиешімен сөйлестім. Ол менің кабинетімде отырып, 1,5 сағаттай жылады. «Ондай ештеңе болған жоқ» деп отыр. Өзі «жұмыстан шығамын» деп арыз жазып қойды. Әлі анықтығына көз жетпеген соң ол қызды уақытша басқа топқа ауыстырдым. Скотч деп айтқаннан кейін мен оны өзімнің бетіме де жапсырып көрдім. Алған кезде орны қызарып кетеді. Тәрбиеші олай жауыздық жасай қоймас», - дейді балабақша меңгерушісі Света Қосыбаева.

Балалардың өзін тыңдамайтынын айтқан тәрбиеші тек сөзбен қорқыттым деп отыр.

«Мені енді топта балалар не істемейді... Тыңдамайды. Үйге қайтатын кезде бәрі шыңғырып, құтырып кетеді. Енді жаңағы сөзді сабақ кезінде айтқанмын. «Тыныш отырыңдар, мен сендерге не істеймін? Ертек оқып жатырмын» дедім. Жоқ, олар тыңдамайды. Сосын айта салғанмын. «Тентек болсаңдар скотч жапсырамын» деп айттым. Соны олар жапсырды деп айтып жатыр. Бірақ мен ондай әрекетке барған жоқпын. Қатігез емеспін, мен де анамын», - дейді тәрбиеші Гүлнұр Қойшығарина.

Меңгеруші тәрбиешінің бұлай деп айтатынын күтпеген болу керек. Балабақшада бала көп деп ақталып кетті.

«Енді ол топта 56 бала бар. Қиын. Бізде, тіпті төсек жетпейді. Кейде бір топқа 48 бала келеді. Медбике, әдіскерлер жабылып, жайма төсекті жазып жатады. Балалар балабақшаның екі бөлмесінде де ұйықтайтын кездер болады», - дейді №21 «Кәусар бұлақ» балабақшасының меңгерушісі.

Балабақшада балаларға скотч жапсырылған деген оқиғадан білім бөлімі де хабардар. Қалалық білім бөлімінің басшысы мектепке дейінгі орталыққа мән-жайды тексеруге маман жібергенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/965186-aqtobede-balabaqsha-tarbieshisi-ozin-t/

pixel