Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Де ла Хойя 2021 жылы өтетін Головкиннің жекпе жегі туралы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Оскар де ла Хойя
Оскар де ла Хойя. Фото: Jason LaVeris/FilmMagic

Танымал промоутер Оскар де ла Хойя үлкен жекпе жек ұйымдастыру үшін қазақстандық Геннадий Головкиннің командасымен келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Golden Boy негізін қалаушы өзінің Twitter парақшасында Геннадий Головкин мен Хайме Мунгияның кездесу өткізуі мүмкін екенін мәлім еткен.

"Мен GGG командасымен 2021 жылы бокстағы ең жақсы жекпе-жек "Головкин - Мунгия" туралы келіссөздер жүргізіп жатырмын", - дейді промоутер.

Оскардың сөзінше, екі тарапта бұл кездесудің ұйымдастырылуына қызығушылық танытқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін мексикалық Сауль Альварестің отандасымыз Геннадий Головкинмен үшінші жекпе жек өткізу ниеті барын жазған едік. Бокс кеші мамыр айында ұйымдастырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1892004-de-la-hoja-2021-zyly-tetin-golovkinni-zekpe-zegi-turaly-mlimdeme-zasady/

pixel