Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұзды суға секірген танымал спортшы басын жарып алды

Опубликовано:

Фото
Фото: Спортшының жеке парақшасы

UFC лигасында өнер көрсететін грузиялық аралас жекпе-жек шебері Мераб Двалишвили мұз ойығына секіремін деп басын жарып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы танымал спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтып берді.

Белгілі болғандай, таңғы уақытта жүгіруге шыққан Двалишвили суға түскісі келіп, мұз ойығына секірген. Алайда судың қатып қалғанын байқамапты. Соның салдарынан қатты жарақат алған ол ауруханаға барып, басын тіктіруге мәжбүр болды.

"Бүгін саябақта жаттығу және жүгіру үшін қолайлы күн деп ойладым. Жолай ойықты көріп қалдым, ойық ішіндегіні су деп ойласам, мұз бен бұтақтар екен. Ойыққа секіргенімде, басыма зақым келгенін сездім. Басымды тіккен уақытта тіптен қатты ауырды. Қазіргі уақытта жағдайым бірқалыпты, өзімді жақсы сезінемін", – дейді грузиялық аралас жекпе-жек шебері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1897488-muzdy-suga-sekirgen-tanymal-sportsy-basyn-zaryp-aldy-video/

pixel