RU

Сабина Алтынбекованың анасымен түскен суретіне жұрт сүйсінді (фото)

Волейбол
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың анасымен түскен суретіне жүрт сүйсінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көптің көзайымына айналған фотоны спортшы Intagram әлеуметтік желісінде жариялап, "анаммен" деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сұлу" спортшы ретінде танылған еді.

Одан бөлек, спортшы биыл тұрмысқа шықты. Оның таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен.

Спорт
Скриншот: Instagram stories

Одан бөлек, жақында Сабина Алтынбекова "The 100 Most Beautiful Faces of 2021" тізіміне енуге үміткер атанған еді.

Сабина Алтынбекова "2021 жылдың ең әдемі 100 адамы" атағына ұсынылды. Құттықтаймыз!", - делінген Instagram әлеуметтік желісіндегі TC Candler парақшасында.

Үміткерлер тізіміне Сабина Алтынбековадан бөлек әлем жұлдыздары Дуэйн Джонсон, Дэвид Бекхэм, Селена Гомес, Галь Гадот, Зендея, Лили Коллинз, Джеми Дорнан, Тейлор Свифт, Киану Ривз, Том Круз, Эмма Уотсон, Зейн Малик, Марго Робби, Криштиану Роналду, Скарлетт Йоханссон, Дэниэл Рэдклифф және тағы басқалары енген.

Сонымен қатар, "әлемнің ең көрікті 100 адамы номинациясына" Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын мен ресейлік әнші Алексей Воробьевта енген.

Еске сала кетейік, өткен жылы үміткерлер қатарында әнші Димаш Құдайберген, MadMen Q-Pop тобынан шыққан Рахат Масақбай, Ninety Onе тобының әншісі Азамат Ашмақын мен әнші Ziruzа болған еді.

TC Candler - ойын-сауық порталы. Ол жыл сайын (1990 жылдан бастап) өткен жылды қорытындылап, "ең әдемі 100 адам" рейтингін жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1916519-sabina-altynbekovanyn-anasymen-tusken-suretine-zurt-suisindi-foto/