RU

Парадзюдошы Әнуар Сариев Токиода күміс жүлдеге ие болды

Әнуар Сариев
Әнуар Сариев. Фото: Қазақстан Паралимпиада комитеті

Қазақстандық атлет Әнуар Сариев Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін иеленді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

29 жастағы парадзюдошы 60 келіге финалдық кездесуде әзербайжандық Вюгар Ширинлидан "иппон" бағасымен ұтылды.

Бұған дейін Ануар венесуэлалық Маркос Бланко мен моңғолиялық Ядамдорджа Сухбаатарадан басым түскен еді.

Айта кетсек, бұл Паралимпиада-2020 ойындарындағы Қазақстанның екінші медалі. Кеше отандық пауэрлифтер Давид Дегтярев алтын медаль алып, Токио төрінде Қазақстан әнұранын шырқатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1929251-paradzyudosy-anuar-sariev-paralimpiadada-kumis-zulde-aldy/