RU

"Ювентус" капитаны коронавирус жұқтырды

Футболшы
Фото: Prosports.kz

"Ювентус" футбол клубының капитаны Джорджо Кьеллини коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы турниндік клубтың ресми сайты жазды.

Кьеллини алдағы матчтарда командасына көмектесе алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Артур мен Пинсьольодан коронавирус анықталған.

Одан бөлек, "Реал Мадрид" футбол клубының ресми сайты негізгі құрамның төрт футболшысы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеген болатын.

Футбол клубының дерегінше, қақпашы Тибо Куртуа, жартылай қорғаушылар Федерико Вальверде мен Эдуардо Камавинга және шабуылшы Винисиус Жуниордан коронавирус анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1949612-yuventus-kapitany-koronavirus-zuqtyrdy/