Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лионель Месси коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Лионель Месси
Фото: instagram.com/leomessi

Әлемге әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Мессиден алынған соңғы ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ТАСС басылымының ПСЖ футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, команданың тағы үш ойыншысынан - Хуан Бернат, Серхио Рико мен Натан Битюмазаладан коронавиус анықталған.

Коронавирус жұқтырған спортшылардың бәрі оқшауланған. Қазіргі уақытта Мессидің денсаулығы туралы басқа мәлімет жоқ.

Сонымен бірге, шамамен 3 аптадан кейін жарақат алған Неймар жаттығуға оралуы керек.

Ал бүгін, 3 қаңтарда ПСЖ Франция кубогінің 1/16 финалында "Ваннаға" қарсы матч өткізуі тиіс.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ювентус" футбол клубының капитаны Джорджо Кьеллини коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1949651-lionel-messi-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel