Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов 11
Фото: Sports.kz

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Ultimate Fighting Championship-тегі (UFC) үшінші кездесуін өткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 47 турнирінде Шавкат Рахмонов Гайана өкілі Карлстон Харристан басым түсті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталып, отандасымыздың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші, ММА-дағы 15-жеңісі. Оның барлық жекпе-жегі уақытынан бұрын аяқталған.

Ал Карлстон Харристың бұл кәсіби мансабындағы бесінші, UFC-дегі алғашқы жеңілісі.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін 2020 жылдың 25 қазанында Абу-Дабиде өткізген еді. Ол кезде файтер бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта-ақ жеңген болатын.

Екінші кездесуінде ол тағы бір бразилиялық спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1954773-savkat-raxmonov-ufc-degi-usinsi-zenisine-qol-zetkizdi-video/

pixel