Қазақстандық шаңғышылар эстафетада сәтсіз өнер көрсетті

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында шаңғыдан әйелдер арасындағы эстафеталық жарыс аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Командалық эстафетада бақ сынаған отандастарымыз Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина, Ирина Быкова он сегіз ұжымның ішінде он бесінші орынға табан тіреді.

Бұл сында Ресей Олимпиада чемпионы атанса, Германия күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал үздік үштікті швед қыздары қорытындылады.

Көрсеткіштер:

1. Ресей — 53:41.0

2. Германия — +18.2

3. Швеция — +20.7

...

15. Қазақстан — +7:34.4.

Айта кетейік, бүгін Бейжің Олимпиадасында ел намысын жеті спортшының қорғайтынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1955813-18-komandanyn-isinde-15-oryn-qazaqstandyq-sangysy-qyzdar-estafetalyq-zarysta-satsiz-oner-korsetti/