Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді

Опубликовано:

Аманжолов пен Пахромов
Аманжолов пен Пахромов рингте. Видеодан кадр: instagram.com/kzsports

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Аманжолов украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов пен украиналық Семен Пахомов Алматыдағы бокс кешінде жұдырық түйістірген.

Жекп-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда кездесу үшінші раунда аяқталды. Ауыр нокаутқа түскен Пахомов орнынан ұзақ уақыт тұра алмаған.

Бұл Аманжоловтың кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі, ал Пахомов осымен 17 мәрте жеңіліп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін 25 ақпанда жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін өткізетінін жазған едік.

Қанат Исламның қарсыласы бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулының бұрынғы үміткері, ұлыбританиялық Джимми Келли болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1956965-zenilip-kormegen-qazaqstandyq-bokssy-qarsylasyn-usinsi-raundta-nokautqa-tusirdi-video/

pixel