Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпқой бокс: Тағы бар қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Опубликовано:

Жан Кособуцкий
Жан Кособуцкий. Фото: instagram.com/kossobutskiy

Отандық боксшы Жан Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегіне шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері франциялық Жоан Дюопамен жұдырықтасты.

Ауыр салмақта өткен айқас он раундқа жоспарланған және кездесуде бос тұрған WBC International чемпиондық атағы сарапқа салынды.

Бұл жекпе-жектің соңы отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Себебі оның қарсыласы алтыншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, екінші дәрежелі WBC белбеуіне ие болды. Қарсыласы Жоан Дюопа болса мансабында жетінші рет ұтылып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулды жеңіп алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970434-kasipqoi-boks-tagy-bar-qazaqstandyq-bokssy-merziminen-buryn-zeniske-zetti/

pixel