Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Аделаида Пчелинцева жүзуден Ислам ойындарында рекорд орнатып, чемпион атанды

Опубликовано:

Аделаида Пчелицева
Аделаида Пчелинцева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық жүзуші Аделаида Пчелинцева Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясы Instagram парақшасы хабарлады. Финалда Аделаида Пчелинцева 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып Ислам ойындарының рекордын жаңартты.

"Ел қоржынында 13-інші алтын медаль және Ислам ынтымақтастық ойындарының рекорды!Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, ойындарда қарсылас шақ келтірмей, Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді жеңіп, алтын олжалады", - делінген дирекция хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы Ислам ойындарына Қазақстан атынан 125 спортшы қатысып жатқаны туралы хабарлағанбыз. Исламиаданың ашылу рәсіміне бірнеше елдің президенттері келіп, Қазақстан байрағын шпагашы Ерлік Сертай көтеріп шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1983061-qazaqstandyq-adelaida-pcelinceva-zuzuden-islam-oiyndarynda-rekord-ornatyp-cempion-atandy/

pixel