Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Әшімов жаңа лигадағы дебютін жеңіспен бастады (видео)

Опубликовано:

Арман Әшімов
Арман Әшімов. Фото: Instagram/ashimarman92

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов Nomad Fighting Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Арман Әшімовтің жаңа лигадағы алғашқы қарсыласы "Гладиатор" лақап атымен танылған қырғызстандық файтер Әзім Осмонқұлов болды.

Айта кетейік, NOMAD FC промоушнында жекпе-жек екі минуттан тұратын үш раундқа жоспарланған. Кездесу бокс ережесі бойынша өтіп, соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Арман Әшімов жаңа лигадағы дебютын жеңіспен бастады.

Айта кетейік, Арман Әшімов ММА-дағы соңғы кездесуін 2021 жылдың қазан айында өткізген болатын. Сол кезде отандасымыз әзірбайжандық Серхан Валилиді бірінші раундта нокаутпен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1986197-arman-asimov-zana-ligadagy-debyutin-zenispen-bastady-video/

pixel