Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты басталмай жатып Қазақстан қоржынына үш медаль түсті

Опубликовано:

Шаршы алаң
Көрнекі фото: pexels.com

Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты басталмай жатып Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Нұршаева (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмағында аз боксшы келгендіктен байрақты бәсекеде жарыс жолын жартылай финалдан бастамақ.

Осылайша, үш отандық боксшымыз кем дегенде қола медальға ие болады.

Айта кетейік, Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995127-bokstan-aziya-cempionaty-bastalmai-zatyp-qazaqstan-qorzynyna-us-medal-tusti/

pixel