Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ганалық футболшылар Катардағы әлем чемпионатына киетін киімдерін ұмытып кетті

Опубликовано:

Ойыншы допты бұрыштамаға қойды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Футболдан Гана ұлттық құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында ыңғайсыз жағдайға тап болды. Катарға ұшып келген футболшылар матчқа киетін арнайы форманы ұмытып кеткен, деп жазады Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аталған жайтты алғаш болып ганалық журналист Франк Даркуа хабарлаған. Команданың формасына жауап беретін администратор киім салынған жүкті Ганада ұмытып кеткен.

Енді олар почтамен ұлттық құраманың киімін дереу жеткізуді жоспарлап отыр. Десе де, футболшылар формасын алғашқы матчқа дейін жеткізіп үлгермеу қаупі бар.

Топтық кезеңдегі алғашқы ойынды Гана құрамасы Португалияға қарсы өткізеді. Матч 24 қарашаға жоспарланған.

Футболдан Катардағы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997325-ganalyq-futbolsylar-katardagy-alem-cempionatyna-kietin-kiimderin-umytyp-ketti/

pixel