Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасының элиталық кезеңін "Қайрат" футзал клубы күтпеген нәтижемен бастады (видео)

Опубликовано:

"Қайрат" футзал клубы
Футзалдан Чемпиондар лигасы. Фото: Никита Басов/"Кайрат" футзал клубы

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы кездесуін мальталық "Луксолаға" қарсы өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Балуан Шолақ" спорт кешенінде өткен кездесуде тең нәтиже тіркелді. Есеп 0:0.

Матчқа дейін спорт сарапшылары мен жанкүйерлер "Қайрат" пен "Луксола" арасындағы ойында алматылық ұжым жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда мальталық клуб Каканың шәкірттеріне лайықты қарсылық көрсетті.

Енді "Қайрат" келесі кездесуін ертең, 24 қарашада чехиялық "Хрудимге" қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі матчтарға алматылық клубтың капитаны әрі қақпашысы Игитаның жарақатына байланысты қатыспайтынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998694-cempiondar-ligasynyn-elitalyq-kezenin-qairat-futzal-kluby-kutpegen-natizemen-bastady/

pixel