Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибісара Асаубаева қатарынан екі кездесуде жеңіске жетті

Опубликовано:

Бибісара Асаубаева шахмат ойнауда
Бибісара Асаубаева. Фото: instagram/kzchessfederation

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық спортшы 8-турда Грузия өкілі Белла Хотенашвилимен ойнады.

Тартысты ойында Бибісара Асаубаева қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, қазақстандық шахматшы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңінде қатарынан екінші матчта жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Бибісара Асаубаева турнирлік кестеде төрт ұпаймен, жетінші-сегізінші орында тұр.

Еске сала кетейік, отандық шахматшы 7-турда бұрынғы әлем чемпионы, Швейцария өкілі Александра Костенюктен айласын асырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022024-bibisara-asaubaeva-qatarynan-eki-kezdesude-zeniske-zetti/

pixel