jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бибісара Асаубаева бұрынғы әлем чемпионын жеңіп кетті

    шахматшы
    Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдік астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық спортшы 7-турда бұрынғы әлем чемпионы, Швейцария өкілі Александра Костенюкпен ойнады.

    Тартысты ойында Бибісара Асаубаева басым түсті.

    Турнирдегі алғашқы жеңіс қазақстандық шахматшыға турнирлік кестеде сегізінші орынға көтерілуге мүмкіндік сыйлады.

    Бұған дейін Бибісара Асаубаева төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған болатын.

    Айта кетейік, 8-турда отандық шахматшы грузиялық Белла Хотинашвилиге қарсы кездесу өткізбек.

    Бибісара Асаубаева бұрынғы әлем чемпионын жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.