jitsu gif
Спорт

    "Сен бізге чемпион болуды үйреттің": Әлемдік БАҚ Денис Теннің өліміне қайғыра көңіл айтуда

    : UGC

    Әйгілі қазақстандық спортшы Денис Тен қайғылы жағдайда қаза тапты. Бұл оқиғаға Қазақстан жұртшылығымен бірге күллі әлем халқы қайғыруда. Дүниежүзілік ақпарат құралдары спортшының отбасына көңіл айтып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

    "Олимпиаданың қола жүлдегері Алматыда көлік ұрыларының қолынан қаза тапты", - деп жазды Washington Post.
    Washington Post
    Washington Post: UGC
    "Қазақстандық және ресейлік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, екі ұры Денис Теннің көлігінен айна ұрламақ болған", - деп мәлімдеді New York Times.
    New York Times
    New York Times: UGC

    ВВС танымал америкалық спортшы Адам Риппонның сөзін келтірді.

    bbc.com
    bbc.com: UGC
    "Денис бізге нағыз чемпион қандай болу керек екенін көрсеткенің үшін мың да бір алғыс. Сен бізбен аз уақыт бірге болдың", - деп айтқан ол.

    Guardian Денис Теннің 2015 жылғы берген сұқбатынан үзінді жариялады.

    "Бұл мен үшін үлкен тосын сый. Бұл мәнерлеп сырғанаудан менің елім үшін тұнғыш медаль болды. Мені құттық тап жатқандарға алғыстан басқа айтарым да жоқ", - деп айтқан еді Денис.
    The Guardian
    The Guardian: UGC

    Айта кетейік, Қазақстанның танымал спортшысы Денис Тен 19 шілде күні көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.

    Әйгілі спортшылар, жұлдыздар мен жанкүйерлер әлеуметтік желіде Денистің өліміне қатысты жантебірентерлік жазбалар қалдыруда.

    Алматы тұрғындары Республика алаңы алдында спортшының өліміне қайғырып, аза тұтты.

    Спортшыны ақтық сапарға шығарып салу 21 шілде күні Балуан Шолақ спорт сарайында болып өтпек.

    Қайғылы жағдайда қайтыс болған спортшының өліміне кінәлі күдіктілердің бірі ұсталынды. Ол Денис Тенді өлтіргенін толықтай мойындады. Екінші қылмыскерді іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.