Кәсіпқой спортшы болу оңай емес. Күнде қатаң тәртіп, жаттығулар, физикалық шаршау да болады. Спортшы ерлеріне тек әйелдері ғана демеу болып, жаңа рекордтарды бағындыруға әсер етеді. NUR.KZ порталы comode.kz сайтына сілтеме жасай отырып, назарларыңызға қазақстандық спортшылардың әйелдерінің суреттерін ұсынады.

Светлана Винокурова

Светлана Винокурова - веложарыстан Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жұбайы. Ол спортшыға Ирина есімді қызды, Николь мен Алекс есімді егіздерді сыйлаған. Светлана Петропавловск маңында туған.
Алина Головкина

Алина Головкина - орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жары. Олар 2007 жылы отасқан екен. Олардың Владимир есімді ұлдары өсіп келеді.
Наталья Ильина

Наталья Ильина – қазақстандық зілтемірші, Олимпиаданың екідүркін чемпионы Илья Ильиннің жұбайы. Олар 2012 жылы тоғызыншы қыркүйек күні шаңырақ көтерді. Олардың Милана есімді қыздары алты жаста екен.
Мөлдір Сәпиева

Мөлдір Сәпиева – Олимпиада чемпионы, Баркер Кубогының иегері, боксшы Серік Сәпиевтің әйелі. Олар үш қызды тәрбиелеп отыр: Аққу, Алуа мен Айсұлу.
Үміт Смақова

Үміт Смақова – "Қайрат" футбол клубының капитаны Самат Смақовтың жұбайы. Олардың отасқандарына 16 жыл болған. Спортшы әйелімен бірге тоғыз жасар Самира мен алты жасар Әлімгерді және бір жасар Даниярды тәрбиелеп отыр.
Меруерт Қыдырбаева

Меруерт – ауыр атлетикадан тұңғыш қазақ чемпионы Жасұлан Қыдырбаевтың әйелі. Ол бокстан спорт шебері екен. Жұп 2012 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде екі жасар Мәриямды тәрбиелеп отыр.
Светлана Подобедова

Светлана Подобедова – қазақстандық ауыр атлетикадан чемпионы, 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовтың жұбайы. Светлананың өзі де - ауыр атлетикадан екідүркін әлем чемпионы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/1743829-kazakstandyk-sportsylardy-jelderin-bilesiz-be/