jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бойы екі метр болатын танымал спортшы қыз жігіт таба алмай жүр

    : Instagram

    Ұлыбритания тхэквандо ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі Джейд Слэвин спорт сүйер қауымға танымал. Ол шығыс жекпе-жегінің чемпионы және алтын медаль иегері. Алайда екі метр бойы бар бойжеткенге өмірлік серік болар жігіт табылмай жүр екен. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Instagram

    Бойжеткен Дарем графтығында туылған. Ол бала кезінен ұзын бойы үшін қысылады екен. Алайда жақында ғана бойын қабылдап, өзін жақсы көре бастапты.

    26 жастағы Джейд өзінен ұзын бойлы жігіт табу қиынға соғатынын мойындап отыр.

    bigpicture.ru
    Фото:bigpicture.ru: Twitter

    Ұлыбританың құрамасының спортшысын талай жыл бойы үшін мазақ естіп келген. Құрдастары оны "ұсқынсыз" деп атаған.

    16 жасқа толғанда бойжеткен өзіне сенімді болу үшін модель болған.

    Қазір Слэвин танымал спорттық өкіл және тхэквондо төрешісі.

    Фото:bigpicture.ru
    Фото:bigpicture.ru: Instagram

    2014 жылы Джейд Глазгода өткен ұлттар одақтастығы чемпионатында бірінші орынды еншілеген.

    "Бойымды жек көретінмін. Өзге қыздар сияқты биік өкше кигім келетін. Артымнан сыбырласқандарын естігім келмейтін", - деп Джейд мұңын шақты.
    Фото:bigpicture.ru
    Фото:bigpicture.ru: Instagram

    Сонымен қатар киім таңдауда да қиындықтар туындайды екен.

    Бірақ қазір ол бойын қабылдап, суретке түскенде қысылмайды.

    Фото:bigpicture.ru
    Фото:bigpicture.ru: Twitter

    Бойжеткеннің ұзын бойы оған спортпен шұғылдануға көмектеседі және әлемге танылуына септігін тигізді.

    Джейд Слэвин өзінің медальдары мен кубоктарын мақтан тұтады.

    Фото:bigpicture.ru
    Фото:bigpicture.ru: Instagram

    Бойы екі метр болатын танымал спортшы қыз жігіт таба алмай жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.