jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болды

    Әлия Юсупова
    Фото: instagram.com/aliya_yussupova15

    Танымал гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Сайлау федерацияның конференциясы барысында өткізілген деп хабарлайды olympic.kz

    Әлия Юсупова өзі үшін бұл тосын сый болғанын айтады.

    "Бұл мен үшін де және көпшілік үшін де күтпеген жайт болды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тағайындау - жұмысымдағы жаңа кезең, жаңа сынақ. Маған сенім артқандарыңыз үшін Ақтота Рахметоллақызы басқаратын Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс айтамын.

    Сонымен қатар Үміт Болатханқызына да он жыл бойы атқарған жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ бас бапкер ретінде қызметімді жалғастыра берем, өйткені бұл жаңа тағайындау қоғамдық қызмет болып табылады", - дейді Әлия Юсупова.

    Гимнаст спортты дамытып, жақсы нәтижелерге жету үшін барын салуға ниетті.

    "Өзгелер сияқты жалғыз мақсат қоюдамын - спортты дамыту және елге пайдамды тигізу. Мен үшін бұл оңай болмайтын түсінемін, алайда менің тәжірибем, білімім мен күшім, сондай-ақ Федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс көптеген мәселені максималды түрде шешеді деп ойлайымын. Біз бірге өз федерациямызға кіретін барлық спорт түрлерін дамыту және танымал ету бойынша жұмыс істейтін боламыз", - дейді спортшы.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан гимнастика федерациясын Үміт Шаяхметова басқарған еді.

    Әлия Юсупова көркем гимнастикадан Афины және Бейжің Олимпиадаларының қатысушысы, Азияның абсолютті чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы сонымен бірге көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері.

    Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.