jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тұрмысқа шыққан Сабина Алтынбекова спорттық мансабын жалғастыра ма

    Сабина Алтынбекова
    Фото: Instagram/altynbekova_20

    Жақындаға ғана тұрмысқа шығып, келін атанған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова спорттық мансабы не болатынын айтты. Спортшы ару ел көкейінде жүрген сұраққа өзі жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сабина Алтынбекова отбасын құрғандықтан спорттағы мансабын аяқтайтыны туралы қауесеттерге нүкте қойды. Ол көпшілікті қызықтырған сауалға Instagram парақшасы арқылы жауап беріп, волейболдағы болашағына қатысты бар шындықты айтты.

    Отандасымыз сүйікті ісімен айналысуды жалғастыратынын жеткізді.

    "Волейбол ойнауды жалғастырамын ба? Иә! Маусым аяқталды. Келесі маусымды асыға күтудеміз. Жаңалықтардан қалып қалмаңыз. Алдағы уақытта көпшілікке қызық әрі пайдалы жобалар болмақ", - деп жазды Алтынбекова.

    Бұл жаңалық волейболшының жанкүйерлерін аса қатты қуантқан. Олар Сабинаға отбасылық өміріне бақыт, спорттық мансабына сәттілік тіледі.

    "Күтеміз. Сіздің ойныңызды сағындық", "Алматы қаласы үшін ойнайсыз ба", "Қай командаға ойнайды екенсіз", "Тұрмысқа шыққан соң, жолдасы шығармай ма деп едім. Жарайсың, өз ісіңе адал бол", "Мансабын аяқтады ма десем. Бұл керемет жаңалық болды", "Отбасылық өмір мен сүйікті ісіңді қатар алып жүруге болады. Алға Сабина", "Қуаныштымыз, сізді алаңнан тағы да көп мәрте көреді екенбіз ғой", - деп жазуда желі қолданушылары.

    Кейбір пікір білдірушілер Алтынбековаға мансабын қойып, балалы болып, бар уақытын жанұясына арнауға кеңес берді.

    Тұрмысқа шыққан Сабина Алтынбекова спорттық мансабын жалғастыра ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.