jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қара күшке ие полицей елорда әуежайында ұшақты 10 метрге дейін сүйреді (видео)

    Ұшақ сүйреген жігіт
    Видеодан кадр: instagram.com/nqz_airport

    Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда спортшы полицей ұшақты 10 метрге дейін сүйреп, рекорд орнатты. Бұл туралы әуежайдың Instagram парақшасында хабарланды.

    "Спорт шебері, Нұр-Сұлтан қаласының полиция майоры Қамалиев Бауыржан Аманжолұлы әуе кемесін 10 метрге сүйреп, әлемдік Гиннес рекордын орындады. Құттықтаймыз", - делінген хабарламада.

    Рекорд орнатқан Бауыржан Қамалиев бұл жеңісін елімізге, Тұңғыш президент күніне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнайтынын айтты.

    "Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, тыныштық болсын. Адамның қолынан, қазақтың қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ. Ұшақты тарту қолдан келді. Қорқыныш қатты болды, өздеріңіз куәсіздер. Түнде бір жаттығып көрдім. Түнімен ұйықтамадым", - деп ағынан жарылды ол.

    Еске сала кетсек, бұған дейін қара күшке ие отандасымыз Тимур Спатаев көлікті тіспен тартып сүйреген еді.

    Ол Қарағандыда 3 тонналық джипті тіспен тартып, 30 метр жерге дейін сүйрей алған.

    Тимур Спатаев жол талғамайтын көлікті ғана емес, оның қапталындағы тағы екі көлікті қос шынашағымен сүйреген.

    Қара күшке ие полицей елорда әуежайында ұшақты 10 метрге дейін сүйреді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.