jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ол демалған жоқ": Жарыс кезінде АҚШ спортшысы бассейнге батып кетті

    Жарыс кезінде спортшы суға батып кетті
    Спортшыны құтқарған бапкер: Спорт-Экспресс

    Су спорты түрлерінен Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында тосын жағдай тіркелді. Синхронды жүзуден АҚШ құрамасының мүшесі Анита Альварес жарыс кезінде бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Спорт-экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    25 жастағы спортшы өз бағдарламасын аяқтаған соң, физикалық тұрғыдан қатты шаршап, су астына батып кетеді. Мұны бірінші болып байқаған құрама бапкері Андрэа Фунтес дереу суға сүңгіп, спортшыны бассейн астынан алып шыққан.

    "Бұл өте қорқынышты жағдай болды. Себебі спортшының суға батып бара жатқанын құтқарушылар байқамай қалды, мен қанша айғайласам да, естіген жоқ. Сондықтан үстімдегі киіміммен суға сүңгуге тура келді. Анитаның демалмай жатқаны да қатты қорқытты. Оның өкпесіне су толып қалған екен. Қуанышқа қарай, есін жиды", - дейді бапкер.

    Мұндай жағдай Анитаның басында бірнеше рет қайталанып отыр. Ол былтыр Барселонада өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде де есінен танып қалған болатын. Спортшының анасының айтуынша, бассейннен тыс кезде де Альварес жиі есін жоғалтып алған.

    "Ол демалған жоқ": Жарыс кезінде АҚШ спортшысы бассейнге батып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.