jitsu gif
Спорт

    БАҚ: Белгілі спортшы жол апатынан қаза тапты

    хоккей
    Көрнекі фото: pexels.com

    Босния және Герцеговина құрамасының хоккейшісі Амон Ракич жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Faktor басылымына сілтеме жасап.

    Оқиға жексенбі күні Хаджичи (Босния және Герцеговина) аймағының маңында болған.

    23 жастағы Ракич тізгіндеген мотоцикл екі көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан хоккейші оқиға орнында көз жұмды.

    "Құрметті біздің Амон, біз сені толық танып білгенімізге, киім ауыстыратын шкаф пен орынды бөліскенімізге, бір жейде киіп, бір әнұранды тыңдағанымызға алғыс айтамыз. Әрқашанда жадымызда боласың. Сенің хоккейші достарың", - делінген Босния мен Герцеговина хоккей федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Айта кетейік, Ракич Босния және Герцеговина құрамасының сапында тоғыз матч өткізіп, екі гол соққан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.