jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Кентал әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енген Сабина Алтынбековадан қарызға ақша сұрады

    Кентал
    Кентал. Фото: instagram.com/kentalkz

    Танымал қазақстандық әнші Кентал волейболшы Сабина Алтынбековадан 20 мың доллар қарыз сұрады. Кеше Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енгені белгілі болған еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Кентал Instagram желісінде спортшының жазбасының астына пікір қалдырған.

    "Таңертең ұйқыдан оянғанда, әлемнің ең бай жиырма волейболшысының тізіміне енгенімді көрдім. Басқалардың менің өмірім жайлы жорамалы мені таңғалдырады. Ал шынына келетін болсақ, мен жай ғана сүйікті ісіммен айналысып, содан табыс тауып жатырмын. Мен жұмыс істеп отырғанда, біреу менің ақшамды санап, оны желіге жариялауда. Мұндайды ұнатпасам да, таңертең ұйқыдан күліп ояндым", - деді қазақстандық волейболшы.

    Желідегілер Алтынбекованың еңбекқорлығына таңғалды.

    Ал қазақстандық әнші Кентал "Дүйсенбіге дейін 20 мың доллар (9,1 миллион теңге) қарызға бере тұршы", - деп пікір қалдырды. Желідегілер әншінің әзілін лайықты бағалады.

    Естеріңізге сала кетейік, БАӘ-нің жаңа чемпионы, 26 жастағы қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енген болатын.

    Ақпарат көзінің мәліметінше, Сабинаның байлығы 4,7 миллион долларға (қазіргі бағам бойынша 2,1 миллиард теңге) бағаланған.

    емдегі ең бай волейболшылар тізімінде Алтынбекова 11-ші орында.

    Әнші Кентал әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енген Сабина Алтынбековадан қарызға ақша сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.