jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі қазақстандық спортшы АҚШ-та қаза тапты

    Велошабандоз
    Фото: cycling.kz

    Талантты қазақстандық велошабандоз Дінмұхаммед Ұлысбаев 24 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Отандық спортшының неден қайтыс болғаны қазіргі уақытта анықталып жатыр.

    Белгілі болғандай, Дінмұхаммед Ұлысбаев Америка Құрама штаттарында өмірінің соңғы күндерін өткізген. Ол мұхиттың арғы жағына жергілікті командада өнер көрсету үшін аттанған.

    Федерация ұсынған ақпаратқа сәйкес, Дінмұхаммед Ұлысбаев мансабында Азия чемпионатының және Әлем кубогының жеңімпаза атанған.

    Сонымен қатар Жамбыл облысында өмірге келген спортшы Қазақстан біріншілігін бірнеше рет жеңіп алған.

    KAZ.NUR.KZ редакциясы Дінмұхаммед Ұлысбаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

    Белгілі қазақстандық спортшы АҚШ-та қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.