Спорт

Зектілері

Бойы - 2 метр, салмағы - 160 келі: алып денелі актер Руслан Бекболатұлы ерекше оқиғасын бөлісті

Жарияланған күні:

Руслан Бекболатұлы
Руслан Бекболатұлы. Скриншот: Youtube / Jybek Joly TV

Қазақстандық киноактер, оқытушы, Руслан Бекболатұлы Jybek joly телеарнасындағы "Ел" бағдарламасында киноға қалай келгенін және бойының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан оқытушылыққа дейін баскетболмен айналысқан екен. Бағдарламада қалай және неге аға оқытушылыққа келгені туралы айтып берді.

"Мен өзім осы спорттың қара шаңырағы - қазақ спорт және туризм академиясында осы спорт кафедрасының аға оқытушымын осы жаңағы баскетбол мамандығын алғанда өзім сабақ беремін. Өзім кезінде баскетбол ойнағанмын. Атырау командасында ойнадым, Алматы командасында баскетбол ойнадым. Содан сол баскетболды жалғастырып, жаңағы енді өзім ойнағаннан кейін, ойынды қойғаннан кейін осы баскетболға келдім жастарды қазір тәрбиелеп, үйретіп отырмын баскетболға", - деді ол.

Сондай-ақ ол спорттан неге кеткені туралы айтып, киноға қалай келгені жайлы әңгімелеп берді.

"Жаттықтырушы ретінде келдім, өзім осы мамандықта оқыдым ғой. Жаттықтырушы ретінде келген кезде осы ойлайтынмын бойы ұзын азаматтар жаңағы спортта ғана керек шығар деп. Сөйтсем, ол спортта ғана емес, өнерде де керек екен. Содан жаңағы достарымызбенен пәтерде тұрдық. Көршіміз айтқан "сендердің бойларың ұзын ғой, киноға, бір жерге түспейсіңдер ме" деп. Ой, ол жаққа біз керек емеспіз деп жүргенбіз. Содан жаңағы көршім айтқаннан кейін бардық кастингке қалай болатынын көріп, қалай болады екен деп. Сөйтсе, бойы ұзын, денелі азаматтар да керек екен.

Көбінесе рольдерді ойнағанда енді негізгі эпизодтарға шақырады. Рөлдер болған күннің өзінде жаңағы қорғаушы, оққағар, күзетші, сондайларға шақырады. Бойымның ұзындығы екі метр, он сантиметр. Салмағым - 160 келі", - деді Руслан.

Русланның сөзінше, ол Алматы қаласына 2004 жылы келген және алғаш рет баскетболды бас қалада бастаған. Оған дейін өзі оқыған мектепте ойнап жүрген. Кейін мегаполисте кәсіби командаға қосылған. Бірақ жарақатының кесірінен баскетболдан кетуге мәжбүр болған.

"Спорт болғаннан кейін әр түрлі жарақаттар болады. Сол жарақаттың салдарынан кеттім шынымды айтсам. Қатты белімді ауыртып, сол жарақат алғаннан кейін кеттім. Қазір енді жаттықтырушы болып, баскетбол әрі қарай жалғастырып жатырмыз. Балаларды үйретіп, ойнатып қалай ойнау керек екенін, не жұмыс істеу керек екенін. Қазір сол спорттың қара шаңырағы - қазақ спорт және туризм академиясында спорт ойындары кафедрасында оқытушымын. Өзім сол жерде жұмыс істеймін мамандық бойынша, сол жерде оқығанмын.

Қазір шүкір, Қазақстанда кино жағы жақсы дамып келе жатыр. Қазір көптеген кинолар түсіріп жатыр. Сол киноларға осы бойымның арқасында келіп, түсіп жатырмын ғой. Мен басында ойлағанмын осы бойы ұзын, алып азаматтар жаңағы спортта ғана керек шығар деп. Сөйтсем, өнерде де керек екен. Кино саласында, театрларда істеймін батырлардың сауыт-саймандарын киеміз. Біраз енді отыздан астам киноға түстім, көбінесе жаңағы эпизодтарға екі-үш фильмдерге жаңағы фильмдерге түскенмін", - деді ол ағынан жарылып.

Сонымен қатар Руслан бойының ұзындығынан бірде жақсылық, бірде ыңғайсыздық көрген кездері болғанын айтты. Оның сөзінше, ұшаққа отыру оған сәл қиынға соғады, ал көлік аларда ұзақ әрі тиянақты таңдауға тиіс болғанын айтты.

"Әрине, болады, қазірдің өзінде кездеседі. Мысалы, 2014 жылы Париж қаласына бардық жаңағы театрмен. Сол кезде регистрация бойынша келген кезде айтамын: "менің бойым ұзын, біз сыймаймыз. Запасной выходтың қасынан орын беріңіздер, аяқтарымыз сыймайды" деп ол кісілерге айттық, бірақ олар түсінбеді. Онша мән бермеді. Бір сағаттан артық тұрдық қой. Ұшақ ұшпайды, өйткені ұшу ережесі бойынша кірген адамдар отыруы керек. Белдікті таққаннан кейін ғана ұшақ ұшады екен. Сонда орнымызға барып отырайық десек, сыймаймыз. Кісілер отыр-отыр дейді, біз сыймаймыз. Содан кейін тіл жағынан енді көбінесе ағылшынша сөйлегеннен кейін түсіндіріп айттық. Сонымен қосымша шығу есігінің қасында отырғандарды шығарып, регистрациясын ауыстырып, біздің орнымызды ауыстырып берген күндер болған. Тіпті эконом классқа билет алып, бизнес класспен ұшқан күндеріміз де болды.

Одан кейін мына көлік жағына келген кезде де рөлде отыру кішкене қиындау. Сыймаймыз оған да. Мысалы үшін өзім жазда машина алдым. Бір аптадай машина қарап жүрдім. Енді өзім ұнаған машинаны ала алмадым, өйткені сыймаймын да оған", - деп сөзін қорытындылады Руслан Бекболатұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2021406-usaqta-syimagan-son-biznes-klasspen-usqan-kezimiz-bolgan-ruslan-bekbolatuly-agynan-zaryldy/