jitsu gif

    "Екінші әйелісің бе": Сабина Алтынбекова оқырманның сауалына ашық жауап берді

    Фото
    Фото: Қайрат Жолдыбайұлының жеке парақшасы

    Белгілі спортшы Сабина Алтынбекова Instagram желісіндегі парақшасында жанұясына қатысты кезекті сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Instagram stories-те оқырманның бірі "Сіз Саят Салманұлының екінші әйелісіз бе? Барлығы солай айтып жүр, сол үшін өзіңізден сұрайын деген шешімге келдім" деп Сабина Алтынбековаға сауал жолдаған.

    Өз кезегінде отандық спортшы "Мен Саяттың бірінші әрі жалғыз әйелімін", - деп жауап қайырды.

    Сонымен қатар Сабина Алтынбекова Instagram желісіндегі күйеуімен түскен суреттерін неге өшіріп тастағанын түсіндірді.

    "Достар, ойдан құрастырмаңыздар және жаман ойламаңыздар. Бүгін фото болса, ертең жоқ. Бұл мен желіге жариялағым келмейтін жай ғана сурет қой", - деді спорттшы.

    Сабина Алтынбекова
    Сабина Алтынбекова және Саят Салманұлы. Скриншот: altynbekova_20/instagram stories

    Еске сала кетейік, 2020 жылы жеке кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан болатын. 2021 жылы ерлі зайыптының балалары өмірге келді.

    Өткен жылы волейбошы кәсіби мансабын жалғастыру туралы шешімге келді. Қазіргі кезде ол -Біріккен Араб әмірліктерінде өнер көрсететін "Әл Васл" клубының ойыншысы.

    Жақында ол Мальдив аралдарына демалысқа аттанды.

    "Екінші әйелісің бе": Сабина Алтынбекова оқырманның сауалына ашық жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.