jitsu gif
Спорт

    "Жеті айлық қызымды ата-енем қарайды": жақында босанған отандық каратэші екі әлемдік жарыстан жүлдемен оралды

    Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада қарсаңында жеке бапкерінің өмірден өткенін айтты
    Мөлдір Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

    Каратэден Жапонияның өткен әлемдік Премьер-лига турнирінде қазақстандықтар алты медаль жеңіп алды. Олардың қатарында ерлі-зайыптылар Дидар Әмірәлі мен Мөлдір Жаңбырбай да бар, деп жазады Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Токио Олимпиадасынан кейін тұрмыс құрып, жеті ай бұрын ана атанған Мөлдірдің бұл жеңісін жанкүйер де, бапкерлер де жоғары бағалап отыр.

    "Босанғаннан кейін екі жарысқа қатыстым. Физикалық дайындығыма аса қатты сенбесем де, татамиде жеңіске деген жігер танытып жүрген жайым бар. Кішкентай қызым қазір жеті айға толды. Ал жаттығуды қайта бастағаныма төрт ай болып қалды. Алдымен Морокконың Рабат қаласында өткен әлемдік сынға қатыстым. Бұл бәсекеге ұзақ үзілістен кейін шығып тұрғасын, өзіме сондай қатал талап қоймадым. Аса үлкен жауапкершілік те алмадым. Медаль туралы мүлдем ойлаған жоқпын. Бірақ Рабат төрінде финалға шығып, күміспен оралдым. Мұндай жетістікті ешкім де күтпеген еді", - дейді Мөлдір.

    Мөлдірдің өзі де, жұбайы Дидар да - каратэшілер. Жапониядан екі спортшы да қола медальмен оралды. Бұл кезде олардың жеті айлық сәбиін ата-әжесі қарап қалған.

    "Құдайға шүкір, ата-енем бар. Алпысқа келгенде сүйген тұңғыш немересі болғандықтан, олар бізден сұрап алған. Сондықтан қызыма келгенде ата-әжесінің шығар жаны бөлек. Тағы бір тәтеміз еңбек демалысында еді, сол кісі де көмектесіп жатыр. Көп рахмет! Қасында жатқанның өзінде балаңды уайымдайсың. Ал алыс жолға шыққанда уайым еселене түседі.

    Әсіресе, жарысқа билет алынып қойғанда жылағым келетін. Қызымның жанынан кеткім келмейтін. Мұндайда жолдасым Дидардың қолдауын жақсы сеземін. Ол бәрі жақсы болатынына сендіріп, менің жарыстан қалмауыма бар жағдайды жасайды. Өз басым сыртта жүргенде қызымды көп уайымдамауға тырысамын. Әйтпесе, маған ғана емес, алыстағы балама да ауыр болатынын сеземін. Оның үстіне, жарыс басталған соң уақыт та тез өтіп кетеді. Дидар екеуміз әр жарыстан соң қызымызды көруге асығып, ұшып келеміз", - дейді Мөлдір Жаңбырбай.

    Айта кетелік, Мөлдір Жаңбырбай Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлемдік турнирлердің жүлдегері.

    "Жеті айлық қызымды ата-енем қарайды": жақында босанған отандық каратэші екі әлемдік жарыстан жүлдемен оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.