jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындарына қатысқан спортшылардың бір бөлігі Алматыға ұшып келді (видео)

    Қазақстандық спортшылардың Алматыға оралуы
    Қазақстандық спортшылардың Алматыға оралуы Видеодан кадр: Instagram/qaz_olympics

    Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың бір бөлігі Алматы қаласының әуежайына қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Елге оралған спортшыларды жақындары мен жанкүйерлері жоғары деңгейде күтіп алды. Олардың арасында Асланбек Шымбергенов, Сағындық Тоғамбай, Сәкен Бибосынов, Мейіржан Шермаханбет, Азат Садықов және т.б. бар

    Алматылықтар құрлықтық додаға қатысқан боксшылар мен балуандардың құрметіне ән шырқап, өз қолдауын білдірді.

    Жиналған көпшілік жүлделі орынға ие болған спортшыларға қазақтың ұлттық киімі шапан кигізіп, өз қошеметін көрсетті.

    Айта кетейік, жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

    Қазіргі уақытта Қазақстан қанжығасында 68 медаль бар. Тоғыз алтын, 18 күміс және 41 қола.

    Азия ойындарына қатысқан спортшылардың бір бөлігі Алматыға ұшып келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.