jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қанша жылғы еңбек ақталды": Азиаданың алтынын алған Қайсар Алпысбай жеңістен кейін әсерін бөлісті

    Қайсар Алпысбай жарыста
    Қайсар Алпысбай жарыста Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Каратэден Азия ойындарының алтын жүлдегері атанған Қайсар Алпысбай жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық спортшы Азиададағы жеңісінен кейін әсерін бөлісіп, еңбегі ақталғанына қуанышты екенін айтты.

    Қайсар Алпысбай Азия ойындарынан кейін бірден әлем чемпионатына дайындықты бастайтынын жеткізді.

    "Негізі Азия ойындарына қанша жылдан бері дайындалдым. Қанша жылғы еңбек. Аллаға шүкір биыл ақталды деп ойлаймын. Бұл қарсыласыммен бірнеше рет кездескенмін. Соңғы кездесуімізде финалда жеңген болатынмын. Ал бүгін Алла бұйыртып, мен бірінші орын алдым. Қазақ елі, құтты болсын. Жеңісім туралы әлі ештеңе айта алмаймын. Толқып тұрған сезімде тұрмын.Дайындық барысы жақсы өтті. Қиындық болған жоқ. Бізде осы айдың соңында тағы үлкен жарыс бар. Әлем чемпионаты өтеді. Босамаймын, соған дайындықты бастаймын", - деді ол.

    Айта кетейік, Қайсар Алпысбай Азия ойындарының финалында кувейттік қарсыласын жеңіп, құрлықтық доданың алтын медаліне ие болды.

    "Қанша жылғы еңбек ақталды": Азиаданың алтынын алған Қайсар Алпысбай жеңістен кейін әсерін бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.